АЛТЫНОРДА
Новости

Голландия Олимпиада тарихына енді

АСТАНА. 17 ақпан. BAQ.KZ – Голландиялық конькимен жүгірушілер Сочи Олимпиадасында 16 жүлде (5 «алтын», 5 «күміс», 6 «қола») жеңіп алды. Әсіресе, голландиялық конькимен жүгірушілер 1500 метрлік қашықтықтағы жарыста алдыға жан салмады. Бұл туралы Ұлттық арнаның сайты хабарлады.

Бұл қашықтықтағы бәсекеде жеңіс тұғырына тек Голландия спортшылары көтерілді. 1 минут 53,51 секунд көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңартқан Тер Морс «алтын» алса, екінші және үшінші орынды Ирен Вюст пен Шарлотта ван Бек бөлісті. Оның үстіне тағы бір голландиялық спортшы Маррит Ленстра төртінші келді.

Бұл арқылы Голландия спортшылары жаңа рекорд орнатты. Бұл елдің өкілдері Олимпиада ойындарында спорттың бір түрінен 16 жүле жеңіп алды. Бұрынғы рекорд Австрия спортшыларына тиесілі. Олар 2006 жылғы Турин Олимпиадасында тау шаңғысынан 14 жүлде жеңіп алған еді.

 

 

http://baq.kz/kk