АЛТЫНОРДА
Новости

Голливудта Джон Кеннеди өлімі туралы 3 жоба дайындалып жатыр

Голливудта Американың 35-ші президенті — Джон Кеннедиге жасалған қастандыққа қатысы бар бірнеше жоба әзірлену үстінде. Осы фильмдер туралы қысқаша тоқталып өтпекпіз.

«Legacy of Secrecy» кітабының мұқабасы

Дэвид О. Расселл «Құпиялық мұрасы» («Legacy of Secrecy») деген фильмнің жобасын қолға алған. Картина Ламар Уолдрон мен Том Хартманның аттас шығармасына негізделеді. Кітаптағы сюжетке сәйкес, президенттің өліміне Карлос Марчелло деген мафиози себепші болып шығады.

Марчеллоның рөліне кандидат ретінде Роберт Де Ниро есімі аталып отыр. Ал Федералдық тергеу бюросының өкілін Леонардо ДиКаприо сомдамақ.

Кейт Бланшетт

Дэвид Мэмет дайындап жатқан «Қара шымшық» («Blackbird») фильмде Кеннеди өлімін тергеу туралы баяндалады. Онда басты рөлде Кейт Бланшетт ойнауы тиіс.

Картинадағы оқиға біздің заманымызда орын алады. Сюжетте атасын жерлеуге келген әйел туралы айтылады. Бас кейіпкердің атасы Кеннедидің өліміне қатысты бірқатар құпияларды сақтап келген болып шығады. Құпияны білгеннен кейін кейіпкер әйелдің басына қауіп төнеді.

Президент Джон Кеннедиді үшінші рет сомдайтын актер — Бретт Стимли

Винсент Бульозидің «Жаңғыртылған оқиға: Президент Джон Ф. Кеннедидің өлімі» («Reclaiming History: The Assassination of President John F. Kennedy») кітабының негізінде шығатын фильмді Питер Ландесманэкранға шығармақ. «Паркленд» («Parkland») деп аталатын картинада Джеймс Бэдж ДэйлЗак ЭфронКолин ХэнксПол Джаматти секілді актерлер ойнайды. Президент Кеннедиді Бретт Стимли сомдамақ. Бір қызығы, бұл актер 2009 жылғы «Қорғаушылар» («Watchmen»), 2011 жылғы «Трансформерлер: Айдың арғы беті» («Transformers: Dark of the Moon») фильмдерінде Кеннеди рөлінде көрініп еді.

 

Дереккөз: lenta.ru

 

http://www.kinostan.kz/news/view?id=405