АЛТЫНОРДА
Новости

Гонконг шерушілері баррикаданың бөлігін алуға келісті

Гонконгте демонстранттар жексенбіде мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа шығуы үшін әкімшілік алдына орнатқан баррикадаларының бір бөлігін алуға келісті. Полиция сол күні дүйсенбіде жұмыс күні басталар алдында көшелерден шерушілерді босату шараларын жасайтынын ескерткен.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Гонконгтегі шерулерге басшылық жасап отырған студенттер федерациясының өкілдері билікпен саяси реформалар туралы келіссөздерге баратынын мәлімдеген. Олардың айтуынша, демонстранттар наразылық акцияларын жалғастыруға дайын.

3 қазанда Гонконгте шерушілер мен оларға қарсы газ шашып, резеңке таяқтар жұмсаған полиция арасында қақтығыс болған.

Қыркүйектің соңында басталған шеруге қатысушылар 2017 жылы Гонконгте аймақ басшысын еркін және тікелей сайлау жолы арқылы тұрғындардың өздері таңдап алуына шектеу қоймауды талап етеді. Қолданыстағы қазіргі жүйе бойынша Гонконг басшысын Пекинге бағынышты сайлаушылар алқасы тағайындайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141006/330/330.html?id=26622248