АЛТЫНОРДА
Новости

Грекия премьері сайлауда жеңілгенін мойындады

Грекияның қызметінен кетіп жатқан премьер-министрі Антонис Самарас «Жаңа демократия» партиясының парламент сайлауында жеңілгенін мойындады. Әлсін-әлсін жаңарып жатқан сайлау нәтижелері қатаң экономикалық саясатқа қарсы шығушы, 40 жастағы Алексис Ципрастың солшыл СИРИЗА партиясы депутаттық мандаттың көпшілігіне ие болғанын көрсетіп отыр.

Журналистерге берген сұхбатында Антонис Самарас СИРИЗА партиясын жеңісімен құттықтап, «Мен Еуропа Одағына мүше және еуроны қолданатын мемлекетті тапсырып беріп отырмын. Жаңа үкімет бұл жетістіктерді сақтай алады деп үміттенемін» деді.

Алексис Ципрас бұған дейін Грекияның 318 миллиард еуроны құрайтын сыртқы қарызына қатысты келіссөздерді қайта бастауға және халықаралық несие берушілердің талабына сай енгізілген қатаң эконмикалық саясаттан бас тартуға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Грекияда жұмыссыздық деңгейі 25 пайызды құрайды. 2008 жылы еуроны қолданатын елдерде дағдарыс басталғалы бері Грекия экономикалық қуатының төрттен бірінен айырылған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26813082