Г.Марченко жағы талмай, көптен берi әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту мәселесiн көтерiп жүр. Есеп-қисапқа сүйенiп, ел бюджетiн үнемдеу жағынан сараптаса, бәлкiм
, бұл ұсыныс дұрыс та шығар. Алайда халық қазынасын үнемдеудiң басқа жолдары барын басқа емес, дәл осы Марченко бiзден жақсы бiледi. Сөйте тұрып, ұлтқа бағытталған өлшеусiз қиянатты жасауға құлшынатынын қайтерсiз.
Зейнет жасын ұзартудың көптеген кемшiлiктерi күнi бүгiнге дейiн айтылып та, жазылып та келедi. Соған қарамастан, бас банкир өз ұстанымынан бас тартар емес. Оның себебiн iшiмiз сезедi де. Тек тiлiмiз қысқа. Әйтпесе, неге басқа өзiмiздiң қазақ азаматтары осындай ұсыныспен жұртты даурықтырып, есiн шығармайды? Шындап келгенде, қазақтың өсiп-өнуiне кiмдердiң мүдделi, ал кiмдердiң қаламайтынын осыдан-ақ бiлуге болады.

Г.Марченконың айтқанына немқұрайды қарамай, бұған қоғам болып тойтарыс беретiн уақыт жеттi. Өзi өмiр сүрген мемлекеттiң ерекшелiгiн, қазақ халқының жағдайы мен менталитетiн ескермей, ессiз ұсыныс жасағыштарды жауапты қызметтерге жолатпау керек.
Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ
Алматы қаласы.
http://zhasalash.kz/