Грузияда 27-ші қазанда өткен президенттік сайлаудың дауыс беру қорытындылары әлі есептеліп жатыр. Қазір сайлау учаскелерінің 51,27%-нан 805 мың бюллетень саналған. Оның қорытындысы бойынша Георгий Маргвелашвили жетекшілік ететін «Грузин арманы» партиясы алда келеді, деп хабарлайды Грузияның ОСК. Сайлаушылардың 62,17%-ы Г.Маргвелашвилиді қолдапты, деп жазды РБК.
«Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясынан сайлауға түскен Давид Бакрадзеға сайлаушылардың 21,65%-ы ғана дауыс берген. Алғашқы үштікті 10,14% дауыс жинаған Нино Бурджанадзе қорытындылайды.
Грузия ОСК мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 46%-ы немесе 1 млн 645 мың 350 адам сайлау науқанына қатысқан. 2012 жылы өткен парламент сайлауында халықтың 60 пайызға жуығы дауыс беріпті. Ал 2008 жылғы президент сайлауына электораттың 56 пайызы қатысқан. Ол жолғы сайлауда М.Саакашвили жеңіске жеткен болатын.