АЛТЫНОРДА
Новости

Гүлжан Ерғалиева аштығын тоқтатты

Бүгін «Adam bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның талабын қолдау штабы оның 18 күнге созылған аштық акциясын тоқтатқанын мәлімдеді.

«Ерғалиеваның денсаулығы кәдімгідей нашарлады. Көпшілік тарапынан наразылық акциясын тоқтату ұсыныстары түсе бастады. Бірақ Гүлжан Ерғалиева аштық ұстау арқылы 5 ақпанға дейін екінші сот инстанциясының шынайы түрде өтуін талап етті» делінген штаб мәлімдемесінде.

Гүлжан Ерғалиева 5 ақпан күні сағат 13-те аштығын ресми түрде тоқтатқан.

«Adam bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева басылымды жабу және одан «жала жапқаны үшін» Алматыдағы орталық мешіт наиб-имамы Ерсін Әміренің пайдасына ірі көлемде айыппұл өндіріп алу туралы сот шешіміне қарсылық ретінде қаңтардың 19-ынан бері Алматыда аштық акциясын жариялаға

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26831250