Астана. 10 желтоқсан. Baq.kz — Ақтөбе қаласында осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген Иегово куәгерлерi ұйымы құзырлы орган қызметкерлерінің тексерісінен кейін заңсыз деп танылды, деп хабарлайды e-islam.kz.
Тiркелмеген діни ұйым мүшелері көп жылдан берi Ақтөбедегi Бірінші кәсіподақтар үйiнде заңсыз жиналыстарын өткізіп, көшелерде өздерiнiң дiни кiтаптарын таратып, қалалықтарды өз топтарына тартқан. Тiптi, қала тұрғындарының арасында өздерiнiң үйiн, дүние-мүлкiн тiкелей мұрагерлерiне емес, Иегово куәгерлерi азаматтарының атына ауыстырып берген жағдайлар да орын алған.
Аймақтағы әдiлет департаментiнің мамандары Бірінші кәсiподақтар үйiнде өткен жиындарды Польшадан келген миссионер заңсыз ұйымдастырғанын анықтады. Соттың шешiмiмен жат ағымды насихаттаушы шетелдікке 173 мың теңге көлемiнде айыппұл салынып, елден алыстатылды. Департаменттiң баспасөз орталығының мәлiмдеуiнше, облыста сонымен қатар 15 дiни бiрлестiк заңсыз деп танылып, шекарадан асырылған.