Азаттық радиосы Ирак қызметінің хабарлауынша, 6 ақпанда «Ислам мемлекеті» Ирактың Анбар аймағында үш адамды тірідей өртеп жіберген.
ИМ оларды «Ирак әскерилеріне өз әскерлерінің қозғалысы туралы ақпарат берді» деп айыптаған.
Содырлар қалашық тұрғындарын күштеп әкеп, адамдарды өртеу рәсімін көруге мәжбүрлеген.
3 ақпанда ИМ өздерінің қолына түскен Иорданияның әскери ұшқышы Муаз әл-Касасбехті тірідей өртегені туралы видео жариялаған еді.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26834051