АЛТЫНОРДА
Новости

Ингушетияда Charlie Hebdo карикатурасын айыптады

Ингушетия астанасы Магас қаласында бірнеше мың адам пайғамбардың карикатурасын жариялауға қарсы шеруге шықты. Аймақтың мұсылмандар діни басқармасы ұйымдастырған шараға Ингушетия мүфтиі Иса Ходжа Хамхоев пен Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров қатысты.

Жиналғандар француздың Sharlie Hebdo сатиралық журналын «Мұхаммед пайғамбардың» карикатурасын басқаны үшін сөгіп, мұндай суреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол беруге болмайтынын мәлімдеген. Наразылық акциясына қатысушылардың пікірінше, «пайғамбардың карикатурасын басу мұсылмандардың намысына тиеді». Сонымен бірге Ингушетия мүфтиі қаңтардың 7-і күні Парижде журнал редакциясына жасалған шабуылды республика тұрғындары айыптайды деген.

Бұған дейін Шешенстан билігі қаңтардың 19-ы күні Грозный қаласында өтетін пайғамбар карикатурасына қарсылық шеруіне жүз мыңдаған адам шығады деп мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150117/330/330.html?id=26799132