АЛТЫНОРДА
Новости

Инвесторлар еліміздегі жобаларға 50 млн. АҚШ долларын салмақ

АСТАНА. 30 қаңтар. BAQ.KZ – Инвесторлар Қазақстандағы «жасыл экономика» жобаларына шамамен 50 млн. АҚШ долларын салмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлім етті.

Қ.Бішімбаевтың айтуынша, «Бәйтерек» холдингі мен Ислам даму корпорациясы «жасыл экономикасы» саласында венчурлық қор құру туралы келісімге қол жеткізіп отыр.
«2014 жылы осы қор құрылады. Әзірге қордағы бастапқы сома 50 млн. АҚШ долларын шамалайтын болады. Демеушілер: Ұлттық технологиялық даму агентігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің атынан біп топ жекеменшік инвестор компаниялар және Ислам даму корпорациясы», — деді холдинг басшысы өз сөзінде.
Қ.Бішімбаевтың айтуынша, егер қазақстандық «жасыл» жобалар өздеріне салынған қаражатты ақтайтын болса, онда қордың көлемі 100 млн. долларға дейін ұлғайтылады.

 

http://baq.kz/kk