Астана. 25 мамыр. BAQ.KZ — Бұл туралы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақ мектебін дамыту стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Моңғолияның Хобда университетінің докторанты Інжу Маратқызы айтты,-деп хабарлайды аталмыш университеттің баспасөз қызметінен.
«Моңғолия елі 12 жылдық оқу жүйесіне толығымен енді. Қазіргі уақытта оқулықтарымыз түгелдей жаңалануда. Осы орайда біздер бастауыш сыныптағы оқулықтардағы олқылық пен қателерді қатаң ескере отырып, қосымша материалдар бөліміне ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді ұлықтайтын ұлттық ойындарымыз бен қазақтың байырғы қара есептерінен құралған жаңа оқулықтарды енгізуді жөн санап отырмыз», — дейді Інжу Маратқызы.
Оның айтуынша, Моңғолияда әлі де қазақ мектептерінің жетіспеушілігі, қазақ тіліндегі оқулықтардың аздығы өзекті мәселе болып отыр. Ал ҚХР Жазушылар одағаның мүшесі Шәмшәбану Қамзақызы Қытайдағы қазақ мектептеріндегі ұлттық құндылықтарын насихаттайтын білім беру жүйесі туралы: «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Бүгінде барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Оның ішінде Қытай елі де бар. Мәселен, Қытай елінде бала бақшадан мектепке дейін қос тіл ағарту (қытай тілі, ағылшын тілі және өз ана тілі) саясаты жүргізіледі. Бұл қазіргі нарық заманының талабы», — дегенді айтты.
http://baq.kz/kk/diaspora/1013