БҰҰ-ның Ирактағы өкілдерінің таратқан мәліметтеріне қарағанда өткен айда бұл елде түрлі зорлық-зомбылық пен жарылыстардың кесірінен 1045 адам қаза тауып, 2 мың 397 адам жараланған.
АҚШ әскері басып кірген 2003 жылдан бері бұрынғы күніне зар болған Ирак жерінде екі күннің бірінде жаралыс, атыс-шабыс болып жатады. Өткен мамырда бұл елде қаза тапқан 1045 адамның 963-і бейбіт тұрғындар болса, 181-і полиция қызметкері екен. Есеп-қисапқа қарағанда Иракта мамырда 560 түрлі қантөгіс оқиғалары тіркеліпті. Олардың ішінде ірілі-ұсақты жарылыстар да, түрлі сипататғы зорлық-зомбылықтар да бар. Осы оқиғалардың салдарынан жараланған 2 мың 397 адамның 2 мың 38-і бейбіт тұрғындар екен. Ал, 359 адам полицейлер көрінеді. Зорлық-зомбылық пен жарылыстардың, атыс-шабыстар ең көп тіркелген өңірлердің тізімін Бағдад бастап тұр. Одан кейін тізімде Салахаттин, Мусул, Анбар, Диале және Керкук елдімекендері тіркеліпті. Бір айдың ішінде Иракта 178 рет жолға төселген жарылығыш заттар жарылса, бомба қойылған машиналар арқылы жасалған шабуыл саны 82 болған. Ал, атыс қаруларын пайдаланып жасалған шабуылдардың саны 243 болыпты.
Жебе-ақпарат