Иран билігі өзге мемлекеттермен есеп айырысуда АҚШ долларын пайдаланудан бас тартты. Бұл туралы елдің Орталық банкі директорының орынбасары Голям Әли Камьяб хабарлады. Әр түрлі елдермен жүргізген келіссөздерден кейін Иран сыртқы саудада долларды енді жасанды түрде қолдамайтындықтарын мәлімдеді. Үкімет мұны доллардың тым қымбаттап кеткендігімен түсіндіреді. Голям Әли Камьяб өз мәлімдемесінде: «Сыртқы саудада бұдан былай өзге валюталар қолданылатын болады, мәселен, олардың қатарында юань, еуро, түрік лирасы, Ресей рублі және Оңтүстік Корея вонасы бар», – деді.
Оның айтуынша, Иран билігі басқа да елдермен осындай келісімдерді жасап, солардың валюталарын пайдалануды көздеп отыр. Сондай-ақ, ол Иранның таяу уақытта әлемдік сауданың жаңа деңгейіне шығатыны туралы айтты. Ресей мен Қытай да сыртқы саудада долларды қолданудан бас тартуды көздеп отыр.
http://zhebe.com/