Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф Тель-Авивтің Израиль әскерилері Тегераннан Газа секторына жөнелтілген, бортында зымырандары бар кемені ұстағаны туралы мәлімдемесін «жалған» деп атады.
Twitter-дегі аккаунтында Джавад Зариф кеменің Вашингтонда өткен жыл сайынғы америка-израиль жоғары шенді шенуніктерінің конференциясы басталар тұста ұсталғанын «таңқаларлық сәйкестік» деп атады.
Израиль әскерилері 5 наурыз күні Қызыл теңізде «әуелі Иранға, одан ары теңіз арқылы Газа секторындағы палестиналықтарға сириялық зымырандар тасымалдаған кемені ұстағанын» хабарлаған.
АҚШ-Израиль қоғамдық байланыстар жөніндегі комитетінің жыл сайынғы отырысы 5 наурызда Вашингтонда өткен. Оған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху да қатысқан. АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінде Нетаньяху Иран Израильге көбірек қауіп төндіреді деген.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140307/330/330.html?id=25288466