Иран президенті Хассан Роухани бүгін екікүндік сапармен Түркіменстанға барады. Роухани мен Түркіменстан президенті Гурганбулы Бердімұхамедов 11 наурыз күні Ашғабадта кездеседі.
Екі ел басшылары екіжақты келісімдерге қол қойып, бірлескен баспасөз жиынын өткізбек. Нақты қандай келісімдер жасалатыны әзірге хабарланған жоқ. Келіссөздерге бизнесмендер делегациясы да қатыспақ.
Иран мен Түркіменстанның ұзындығы мың километрден асатын ортақ шекарасы бар. Екі ел 1991 жылы СССР күйреп, Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан бері экономика, транспорт, инфрақұрылымды дамыту және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатқан.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150310/330/330.html?id=26890924