АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ИРАН ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАДЫ

хасанХасан Рухани Иранның жаңа президенті болып сайланды. Оны халықтың теңдей жартысы қолдап дауыс берген. 
Иранның жаңа басшысы либералды реформатор әрі ядролық бағдарлама бойынша басты келіссөз жүргізуші ретінде танымал. Саясаткерлер Руханидің билікке келуімен елдің ядролық проблемасы шешілетіндігін айтады. Тегеран мен басқа да қалаларда оның жеңісін қолдап мыңдаған адам көшеге шықты. Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хомейни де жаңа президентті қолдайтынын мәлімдеді.

Дуанабай Жолдасбек

Айкын газетiнен алынды