Радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласына шабуылын қайта жалғастырды. Экстремистер мұның алдында қаланы қоршап алған.
Reuters агенттігінің қаланы қорғап жатқан күрд жасақтарына сілтеме жасап хабарлауынша, содырлар қаланың екі ауданына кірген.
Экстремистер шабуылдарын АҚШ-тың әуе соққыларына қарамастан жалғастырып жатыр. Вашингтонның мәлімдеуінше, америкалық жойғыш ұшақтар мен Біріккен Араб Әмірліктері бастаған араб елдерінің ұшақтары Сириядағы тоғыз объектіге, оның ішінде Кобани маңындағы «Ислам мемлекетінің» бронды техникалары мен ауыр артиллериялары орналасқан алты нысанға соққы берген.
Күрд жасақтарының жетекшісі Салих Муслим Мұхаммедтің Азаттыққа айтуынша, АҚШ-тың бомбалауынан содырлардың танкілері қираған соң Кобани көшелерінде «қоян-қолтық кескілескен шайқас жүріп жатыр». Пентагонның баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, тек әуе шабуылдарымен ғана Кобаниді азат ету мүмкін емес.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26628300