Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Удине қаласындағы колледжде студент қыздарға хиджаб киюге тыйым салынды деп хабарлайды The Local.
Мұндай шешімге мекеме директоры Алдо Дури қауіпсіздік мақсатында барып отырғандығын айтқан. Өйткені, соңғы уақытта оқу орнында білім алатын мұсылмандарға сырттан да, іштен де шабуылдайтындардың қатары көбейіп кеткен көрінеді. «Мәселен, жуырда ғана Египеттен келген студент түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оны өз тобында оқитын қатарластары ұрып тастаған» дейді ол.
Дуридің айтуынша, колледжде араб ұлтынан шыққан жастар көп. Олардың барлығы діни киім киіп жүрсе студенттер арасындағы теңдік жойылады дейді директор. Жалпы, тек ислам емес, кез-келген дінге тиесілі киімдерді киюге колледж қабырғасында тыйым салынбақ.
http://baq.kz/kk/news/60973