АЛТЫНОРДА
Новости

Израиль шабуылынан 35 адам қаза тапты

Израильдің зымыраннан қорғаныс жүйесі Газа секторынан атылған зымырандарды атып түсіріп жатыр. 9 шілде 2014 жыл.Палестина билігі «Израиль әскерилерінің Газа секторына жасаған артиллериялық шабуылынан кейінгі тәулікте кемінде 35 кісі қаза тауып, 150-ден астам адам жараланғанын» мәлімдеді. BBC-дің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында әйелдер мен балалар да бар.

Израиль палестиналық ХАМАС ұйымына қарсы операция бастағалы әскери ұшақтармен 430 нысанды атқылаған. Израиль қорғаныс министрлігінің дерегінше, 8 шілде күні палестиналықтар атқан 117 зымыран Израиль территориясына түсіп, жарылған. Тағы 45 зымыранды Израильдің әуе шабуылынан қорғану жүйесі атып түсірген. Бұл жүйе негізінен Тель-Авив, Ашкелон мен Ашдод қалаларына атылған зымырандарды атып түсіріп отырған.

9 шілдеге қараған түні Израиль армиясы ХАМАС ұйымының ел аумағын зымыранмен атқылауына жауап ретінде Газа секторындағы палестиналық топтарға қарсы «Қорғаныс шебі» операциясын бастаған.

Газа секторындағы жағдай палестиналық жеткіншектің өлімінен кейін шиеленісе түсті. Оның алдында, яғни 12 маусым күні Иордан өзенінің батыс жағалауынан ұрланған израильдік үш жасөспірімнің мәйіттері табылған еді.

http://www.azattyq.org/content/news/25451673.html