Теңге
Теңгенің американ долларына шаққандағы бағамы біртіндеп өсіп келеді. Қаржы сарапшылары теңгенің құнсыздануы (девальвация) жыл соңына дейін 160 теңгеге жететінін ескертуде. Бұл өз кезегінде қарапайым көпшіліктің төлем қабілетін әлсіретуі мүмкін.
Қымбатшылық
Ұлттық Банктің жұртты жұбатуына қарамастан, азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар, коммуналдық төлемақы, қуат көздері барған сайын қымбаттай түсуде. Күнкөріс себетінің бүйірі солып барады. Ресми статистикаға жүгінсек, инфляция 6-8 пайыздан аспайды…
Зейнетақы
Зейнетақы жинақтаушы қорларындағы активтерді бір орталыққа шоғырландыруға байланысты туындаған алаңдаушылық әлі басылған жоқ. Зейнеатақы активтерін (шамамен 23 миллиард доллар) оңтайлы әрі тиімді пайдалану мәселесі әлі шешімін таппады.
Оффшор
Капиталдың оффшор аймақтарға жөңкілуі үдей түсті. Депутаттардың өзі Кеден Одағының оффшор аймақтарға ақша әкетудің аса тиімді тетікке айналғанын айтып дабыл қағуда. Тәуелсіз сарапшылардың есебінше, елімізден шетке кеткен қаржы көлемі 140 миллиард долларға жеткен.