Өткен жылы Қазақстанда бірінші халықаралық Жазушылар одағы құрылды. «Әлем халықтары жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігі («ӘХЖО» ҚБ) 2014 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қалалық Әділет департаментіне тіркеліп, арнайы анықтама алды. Одақтың жарғысы сол күннен бастап күшіне енді. «ӘХЖО» ҚБ жақында өзінің тұсаукесер рәсімін Алматыда өткізді. Жаңа ұйымның ресми ашылуына байланысты «ӘХЖО» ҚБ төрағасы ақын-сазгер Қайрат Дүйсеновпен кездесіп әңгімелескен едік.
– Қайрат Әбісатұлы, жалпы, бұл одақтың құрылуына не түрткі болды?
– Мен бүгінгі күнге дейін БҰҰ жа¬нындағы халықаралық Адам құқы¬ғын қорғау комитетінің Қазақстандағы өкілі, академик, жазушы, ақын Әбен Нұр¬мановтың басқаруындағы «Бейбіт¬шілік әлемі» ХҚТБ-не қарасты Ха¬лықаралық жазушылар одағының төр¬аға¬сымын. Жасыратыны жоқ, осы қоғам¬дық негіздегі қызметімді атқаруға кі¬рісе салысымен халықаралық дең¬гей¬дегі жазушылар одақтарының жар¬ғылары мен құрылымын, өткізілетін іс-шаралары мен жұмыс жүргізу процесін жан-жақты зерттей бастадым. Әрине, айтулы одақтарға тікелей барып тәжі¬рибе алмаспаған соң, оның көптеген жақ¬тары көлеңкелі күйінде қалып қой¬ды. Өзім басқарып келе жатқан ха¬лық-аралық одақты өз тұстастарымен салыс¬тыра-саралай келе, ондай одақтардың шетелдерде өте көп екенін байқадым. Содан осы жер бетіндегі қалам¬гер¬лердің бәріне бірдей ортақ болатын¬дай үлкен бір шығармашылық ұйым құрсам қалай болар екен деген ой туды.
– Халықаралық жазушылар одағы мүшелігіне өтуге құлшыныс білдіріп жат¬қан ақын-жазушылар көп болар, алғашқы мүшелеріңіз кімдер?
– Одағымыздың ең алғашқы мүше¬лері – бастамашыларымыз. Олар: Әл-Халел Қарпық, жазушы, академик, фи¬ло¬логия профессоры, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан¬дағы ЮНЕСКО өкілі; Марал Ысқақбай, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазАҚ төрағасы; Зәкір Аса¬баев, ардагер журналист, жазушы, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызмет¬кері; Нәзікен Алпамысқызы, ғалым, ақын, Халықаралық сыйлықтардың лауреаты; Болат Шарахымбай, акаде¬мик, ақын, жазушы, журналист, бірнеше халықаралық әдеби сыйлықтардың же¬ңімпазы; Болат Бопайұлы, академик, этнограф жазушы; Данияр Әлбозым, эт¬но¬граф жазушы, профессор, академик А.Бараев және А.Байтұрсынов атын¬дағы сыйлықтардың иегері; Кенжеғали Қошым-Ноғай, ақын, журналист; Май¬ра Жағыпарова, публицист, ғалым, ма¬гистр, аға оқытушы. Шетелдерден бір¬қатар танымал жазушылар мүше болды, тағы біразы ынта білдіріп отыр.
– Одақтарыңыз ашылғалы да бір¬шама уақыт өтіпті. Аты «Әлем» сөзінен басталып тұр екен, қанша елден өкілдік¬теріңізді аштыңыздар? Қатарларыңыз шетел¬діктермен алдағы уақытта көбейе түсетін болар?
– Қаламгерлеріміз күн санап кө¬бейіп келеді. Мәселен, қазіргі кезде 53 ақын-жазушы одаққа мүше болып отыр. Жоғарыда аты аталған қаламгер¬лерден басқа О.Сүлейменов, Ү.Уайдин, С.Оспанов, А.Шаяхметов, А.Ашири, Х.Қошқаров, Ә.Шегебай сынды көп¬теген көрнекті ақын-жазушыларымыз бар. Мүшелікке өткісі келетінін айтып хабарласып жатқандар саны да күн са¬нап артуда. Ал енді шетелдердегі өкіл¬деріміз бен мүшелерімізге келетін бол¬сам: Ресей Федерациясындағы қа¬зіргі бас өкіліміз А.Поликанин деген азамат, Мәскеуде тұрады. Ол – публи¬цист, халықаралық журналист, баспагер. Ресейдегі орыс әдебиеті жөніндегі бас ке¬ңесшіміз М.Замшев, ақын, «Лите¬ра¬турная газета» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Российский колокол» журналының бас редакторы, Мәс¬кеу қалалық Ресей жазушылар одағы ұйымының бірінші хатшысы, Интернационалды жазушылар одағы халықаралық басқармасының тең төр¬ағасы. В.Поволяев деген мүшеміз мәс¬кеулік жазушы, суретші, Мәскеудегі Өнер қызметкерлері орталық үйі Пресс-клубының және Ресей спорт әдебиеті Федерациясының төрағасы, Ресей Фе¬дерациясының еңбек сіңірген өнер қай¬раткері. Ә.Мажит, жазушы, «Қытай жазушылары» журналының бас редак¬торы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Бейжің қаласында тұрады. ӘХЖО Тәжікстандағы бас өкілі ду¬шан¬белік А.Нуралиев, ғалым, жазушы, қо¬ғам қайраткері, «Тәжікстан – Қазақстан достығы» ұйымының төрағасы, Тәжік¬стан ЖО А.Лохути атындағы сыйлықты беру комиссиясының мүшесі. Н.Байжі¬гітов Бішкектегі Әлем халықтары жазу¬шылары одағының Қырғыз республи¬касындағы бас өкілі, журналист, публи¬цист және аудармашы. Якубжон Хо¬жамберидев Ташкентте тұрады, ақын, журналист-публицист, Әлем халықтары жазушылары одағының Өзбекстандағы бас өкілі, Өзбекстан және Әлем халық¬тары жазушылары одағының мүшесі. Анкарада тұратын Якуб Омероғлы про¬зашы, ғалым, қоғам қайраткері, Әлем халықтары жазушылары одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Еуразия жазушылары одағының (Av¬rasya Yazarlar Birliği) төрағасы.
– Одақтың құрылып жатқандығы ту¬ралы бастамашыларыңыздың арасынан бірінші болып есту құрметіне қай қаламгер ие болды екен?
– Әрине, Жарғы жазылып біткеннен кейін, оның сапасын білу үшін қандай да бір адаммен кеңесуім қажет болды. Ол үшін іштей жаныма жақын, ең се¬нім¬ді адам іздестірдім. Жақын арала¬сып жүрген достарымның ішінен ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі, академик, фи¬лология ғылымдарының профес¬соры, жазушы Әл-Халел Қарпықты таңдадым. Ол іске асырғалы жатқан идеямен толық танысып болғанда қатты толқып кетті. Мені шын жүректен құт¬тықтап, қолымды қайта-қайта қысты. Ол одақтың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде аса беделді ұйым болаты¬нына сенім білдірді.
– Өзіңіз басқарып отырған Халық¬аралық жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының қа¬рым-қатынастары қалай?
– Біз жаңа одақ болғандықтан қа¬зірше аяқтарынан нық тұрған ешбір одақ¬пен қарым-қатынас жасап үлгерген жоқпыз. Бірақ болашақта жақсы қарым-қатынаста боламыз деген ниеттеміз. Айта¬рым, біз ешқандай одақпен бәсе¬келес емеспіз. Мәселен, біздің одаққа мүшелікке өткендердің өзге де одақ¬тар¬да мүше болғанын қалаймыз. Әрбір қа¬ламгеріміздің неғұрлым ел-жұртқа та¬нымал болып, бірнеше одаққа мүше болғаны біз үшін үлкен абырой. Қазақ¬стан Жазушылар одағының төрағасы Н.Оразалинді де, «Бейбітшілік әлемі» ХҚТБ президенті Ә.Нұрмановты да өзіме ұстаз санаймын, оларды қатты құрметтеймін. Екеуінен де көп нәрсе үйрендім. Үлгі алатын жақтарым әлі де аз емес.
– Мақсат-мүдде жағынан басқа одақ¬тардан айырмашылықтарыңыз бар ма?
– Қаламгерлердің құқықтық мәсе¬лесіне келгенде айырмамыз шамалы ғана. Алайда әр одақтың алдына қой-¬ған өз мақсаты, өз мүддесі, өз бағыты болады. Біздің басты мақсатымыз – әлем қаламгерлерінің басын үлкен бір шығармашылық ортаға біріктіре оты-рып, әлемдегі ең мықты қаламгерлерді Қазақстанға, ал еліміздегі ең мықты қаламгерлерді әлем елдеріне таныту болып табылады.
– Одақты қаржыландыру жағы қалай болып жатыр? Әдеби іс-шаралар ұйым-дастыру жағы ойларыңызда бар ма?
– Жаңадан дүние есігін ашқан нә¬рес¬те жан-жақты қолдауға қандай мұқ¬таж болса, біздің одағымыздың жағдайы да сондай көмекті қажет етеді. Бірақ бұл қаржы табылмаса, одақ жұмысын тоқ¬татады дегенді білдірмейді. Біз ең бас¬тысы, заңды түрде құрылдық. Біздің қазіргі хәлімізді сәт сайын үлкейетін тірі жасушаға ұқсатуға болады. Яғни одағы-мыздың жаны бар. Одақтың қазіргі тал¬ғажау етіп отырғаны – қаламгерлерден түсіп отырған бір реттік мүшелік жарна. Әдеби іс-шараларды ұйымдастыру мә¬селесін айтар болсақ, біз өткен жылдың соңына қарай еліміздегі шетел елшілік¬терінің мәдениет саласындағы өкіл¬де-рін арнайы шақырып, тұсаукесерімізді және Қазақстан мемлекеттігінің 550 жыл¬дығына орай халықаралық деңгей¬-де әдеби шарамызды өткізсек деп жос¬парлаған болатынбыз. Бұл жобаларды іске асыруға жетерліктей қаржымыз бол-мағандықтан тоқтаттық. Тұсаукесер рәсімін жақында өткізуді жоспарлап отырмыз. Күзге қарай бірінші құрыл¬тайы¬мызды өткізуіміз керек. Сондық¬тан, одағымыздың ертерек аяққа тұ¬руына, алға қойған мақсаттарымызға ертерек жетуімізге демеушілік білдіргісі келетін ірі-ірі кәсіпкерлер, меценат аза¬маттар табылып жатса, оларға есігіміз айқара ашық.
– Қайреке, Әлем халықтарының жазушылар одағы республикада, шет елдерде қалай насихатталып жатыр?
– 16 маусым күні Әлем халықтары жазушылары одағы тұсаукесер рәсімін өткізді. Кішігірім ырымын жасаған осы салтанатымызды БАҚ ұжымдары кезек-кезек жариялауда. Жалпы біз өткен жылы алғаш рет Әділет департаментінен Анықтама алып, Одақ жұмысын заңды жүргізе бастағанымызда бірінші болып «Айқын», «Литер» газеттері мен «Қазақпарат» жаңалықтар порталы жариялаған болатын. Одан осы жаңалықтың ізін суытпай, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ОҚО филиалы, «Отырар» телеарнасы ӘХЖО президентін тікелей эфирге қонақ ретінде шақырып насихаттаса, «Замана» газеті мен «Южный Казахстан» басылымдары біз жайында оқырмандарына асыға жеткізді. Осыдан бірер ай бұрын «Жұлдыздар отбасы» журналы Одағымыздың ашылғандығы туралы қысқаша ақпарат берді, соның ізін ала Елбасы сайлауы науқанының қарбаластығына қарамай «Дат» газеті Одақ басшысынан сұхбат алды, Қазақ радиосы тікелей эфирге шақырды. Шетелдік БАҚ ұжымдарынан қазірге Одағымыздың жаңалықтарын насихаттауға мүмкіндік беріп отырған Қытай Халық Республикасындағы қазақ тілді «Күлтегін» және «Еларна» блоктары. Осы аталған ақпараттық ұжымдарға Әлем халықтары жазушылары одағы қаламгерлерінің атынан арнайы алғыс айтқымыз келеді.
– Үлкен істі бастаған екенсіз, сәттілік тілейміз!
Әңгімелескен Қайыржан ТӨРЕЖАН