АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ

IMG_2439Қазіргі кезде есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде. Өткен аптаның аяғында Қызылорда қаласында тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен осы бағытта ауқымды шара өткізілді.

Осы акция шеңберінде Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтті. Ертесінде, жексенбі күні бұл шараның жалғасы Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін жүріп өтеін жаяу шеруге ұласты. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының оқушылары, медицина саласының қызметкерлері қатысты. Акцияға қатысушылар бірліктің, ынтымақтастық символы – жалау ұстап шығып, есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Акция сол күні Мәдениет үйіндегі мерекелік жиында қорытындыланды. Мерекелік шараға есірткімен күрес бағытында жемісті жұмыстар атқарып келген жасөспірімдер, жастар, қоғамның белсенді мүшелері қатысып, марапатталды.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті сонымен қатар терроризммен күреске қатысты тағы бір үлкен шараны  ұйымдастырды. Департаменттегі мәжіліс залында Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Облыс аумағында адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен басшылары арасында олардың терроризмге  қарсы қорғалу жай-күйіне қойылған талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі және оларды күзетуге белгіленген тәртіпте мемлекеттік лицензия алған жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу» тақырыбында жиын өтті.

IMG-20151030-WA0002Аталмыш жиынға Қызылорда облысы  Кәсіпкерлік палатасының директоры, Қызылорда облысы Ұлттық қауіпсіздік камитеті Қызылорда қаласы бойынша департамент қызметкері, Қызылорда облысы әкім аппаратының жауапты қызметкері, Ішкі істер департаменті басшылығы, тиісті басқарма бастықтары және жеке құрам қатысты. Сонымен қатар, жұмыс кездесуге облыс аумағындағы адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері, басшылары және жеке күзет ұйымдарының өкілдері, білім беру орындарының басшылары шақырылды.  Жиынды Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетов ашып, шараға қатысушыларды күн тәртібіндегі басты мәселелермен таныстырды. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Т.Тышқанбаев «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру қабылданып жатқан шаралар» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алда тұрған міндеттермен таныстырып өтті. Күн тәртібінде тұрған екінші мәселе төңірігінде ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі С.Жүсіпованың баяндамасы тыңдалды. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік лицензия алған жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу мәселесін көтеріп, жеке объектілердің меншік иелеріне ұсыныс-пікірлер білдірді.

Сондай-ақ, жиын барысында «Бөтен мүлкін ұрлауға қарсы тиісті іс-қимыл жасау» мәселесі де назардан тыс қалмады. Аталған тақырыпта ОІІД КПБ бастығы полиция полковнигі Ғ.Төлебаев баяндама оқыды. Ол өз сөзінде полиция қызметкерлері облыс көлеміндегі оперативтік ахуалға тоқталып, соңғы  уақытта қарақшылық, тонау және бөтен мүлік ұрлығының орын алуы нысандардың техникалық бекіністерінің осалдығынан, яғни қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен толық  жабдықталмағандығын мәлімдеді.

Күн тәртібінде тұрған мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынға қатысушы қонақтар  полиция қызметкерлеріне өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңестер сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері кездесуге қатысушыларға мекеме ғимараттарының техникалық бекіністерін күшейтуге, бейнекамералар орнатуға, күзет дабыл қондырғыларын қондыруға және оларды күзетуге белгіленген тәртіпте күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Бұдан бөлек,  күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.