АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.Кәмелетке толмағандардың құқығы толықтай қорғалады

Игембаев К.А.-23.10.2015Басына қауіп төнген көп жағдайларда өздерін қорғай алмайтын кәмелетке жетпегендерге қатысты жасалған қылмыстарды қадағалау органдары әрқашан жіті назарында ұстайды. Бұл маңызды мәселе жаңа Қылмыстық кодексті жасағанда ескерілді. Енді кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатқызылды, соған байланысты қатаң жауапкершілікке, қылмыстық жазаға тартылады.

Қылмыстық кодекстің баптары бойынша, егер әйел зорлағандар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты осындай әрекет үшін 10-15 жылға кесіледі, ал енді жас балаларға қатысты болса – 15 жылдан өмір бойы түрмеде отыратын болады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекске сәйкес, жас балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың өзі, тіпті ол санаттық белгілері ретінде көрсетілмесе де, ауыр жағдайдағы жауапкершілік болып табылады.

Бас прокуратураның Департамент бастығы Құсайын Игембаевтың айтуынша, құқық бұзушыларға осылай қатал қарау өзін ақтайтын әдіс. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы саны (5677-ден 3397-ге дейін) шамамен екі есеге дейін қысқарған. Республикада жасалған барлық қылмыстар құрамының 1 ғана пайызын құрады. Олардың ішіндегі басым бөлігі (464 немесе 14%) – бұл 16 жасқа толмағандармен, өз еркімен жыныс қатынасын жасау. Егер 2006-2012 жылдар аралығында мұндай қылмыстардың саны жүз шақты ғана болса, ішкі істер органдары мен медициналық мекемелер арасындағы көрсеткіштерді салыстыруды белсендіргеннен кейін, 2013 жылы 475, ал былтырғы жылы 497 болған.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа тарту қылмыстары жалпы қылмыстардың ширегін (858) құрайды, соның ішінде зорлық жасау (ҚК 120 және121баптары) – 8,5% немесе 292 рет тіркелген. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты 27 адам өлтіру, 220 факт денсаулығына зақым келтіру, 198 бұзақылық, 499 факт меншікке қол сұғушылық (қарақшылық, тонау, бопсалау, ұрлық және алаяқтық) тіркеліпті.

– Соңғы кездердегі бала сату фактілерінің екі есеге көбейгені алаңдатады. Қылмыстық заңмен қатаң жаза белгіленсе де биылғы жылы 39 факт тіркелді. Былтырғы көрсеткіш 17 болған. Мысалы, қаңтар айында Астана қаласының полициясына интернет арқылы ақпарат түскен, онда «Любовь» деген қыз әлі дүниеге келмеген баланы сатып алатын адам іздеп жүргенін, өзінің байланыс телефондарын жазыпты. Артынан, жаңа туған ұлды «Тойота Королла» көлігіне айырбастап тұрған жерінде Түкеновтар отбасы ұсталып, екі жақ та 7 жылға бас бостандығынан айырылды, — дейді Құсайын Игембаев.

Жалпы, кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғышылық, әсіресе оларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу өте қатаң жазаланатындығын тәжірибе көрсетіп отыр, кінәлі адамдар 15 және одан көп жылға бас бостандығынан айырылады. Биылғы жылдың өзінде осындай қылмыстар жасаған 100 адамның 91 пайызы қамауға алынды, бұл жазалау тәжірибесіндегі жалпы көрсеткіш бойынша жоғары тұр (24,4%). Мұндай жағдайға жаңа Қылмыстық кодекстің нормалары әсер етті. Заңның қатайғанын мынадан білуге болады. Жаңа заң бойынша кәмелетке толмағандардың пәктігіне, абыройына қол сұққандарды шартты мерзімге соттайтын бап жоқ. Сонымен қатар, ондайлар кәнісін мойындап, екі белгіленген кепілдікпен жақ келіскен жағдайда да қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайды. Оларға шартты-мерзімінен бұрын босату, өтелмеген мерзімін жазаның жұмсақ түріне алмастыру, жазаны өтеу мерзімін кейінге шегеру және рақымшылық актілерімен босату деген баптар қолданылмайды. Сондай-ақ, бұл қылмыстар қашан жасалмасын мерзімі есепке алынбайды, жазаға тартыла береді. Заңдылықты қамтамасыз ету, құқық қорғау және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында осындай жағдайларды есепке ала отырып, осы мәселелерді жіліктеп талқыға салды.

Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесе отырып күші бар заңға кейбір өзгерістер енгізді, қазір ол Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Жалпы алғанда ол түзетулер жоғарыда аталған қылмыстарды жасаған адамдарға, тек қана жасөспірімдерге ған емес, кәмелетке толмағандардың барлық санатына жыныстық зорлық жасаған қылмыскерлерге шектеу қоюға бағытталған. Медициналық жағынан қосымша мәжбүрлеу шарасы ретінде химиялық піштіруді қолдану ұсынылды. Мұндай шаралар қазіргі кезде АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Израильде қолданылып жүр. Химиялық піштіруді іс жүзінде қолданатын Ұлыбритания ІІМ сараптамаларына сәйкес, балаларға қатысты қылмыстар осы жаза қолданыла бастағаннан кейін күрт азайып, 50 пайызға қысқарған. Сондай-ақ, мұндай санаттағы адамдарға өмір бойы әкімшілік қадағалау тағайындау, жыныстық зорлық жсауға бейім және психологиялық ауытқулары бар адамдар туралы медициналық мекемелерін ішкі істер органдарына хабарлауға міндеттеу, интернет-сайттарға шектеу қою туралы ұсыныстар қаралып жатыр. 

         – Кәмелетке толмағандарды қылмыстық процеске, әсіресе жәбірленуші ретінде тарту, оның басындағы психикалық ауыр жағдайды одан сайын ауырлата түседі. Сондықтан Қылмыстық-процессуалдық кодекстің бірқатар жаңа нормалары оларды осындай кері факторлардан қорғауға бағытталған. Мысалы, жасөспірім жәбірленушіден жауап алған кезде оның жанында міндетті түрде педагог немесе психолог болуы тиіс, енді 14 жастан асқан балалардан жауап алғанда осы мамандар қатысады.        Қазіргі кезде кәәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ведомствоаралық жоспар, сондай-ақ, 2015-2017 жылдары кәмелетке толмағандардың пәктігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі әрекеттер жоспары шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоспарлардың жүзеге асырылуы кәмелетке толмағандардың еркіндігі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғышылықтардан қорғайтын сенімді кепілдік болады деп сенеміз, — дейді Бас прокуратураның Департамент бастығы Құсайын Игембаев.