АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.МҰНАЙ САЛАСЫНА ҰЛТТЫҚ КАДРЛАР ТАРТЫЛУДА

карачаганакҚарашығанақ мұнайгазконденсат кенішін игеріп жатқан компанияның консорциумы – осы өңірдегі ең ірі жұмыс орындарын беруші болып табылады. Өндіріс орынында ұлттық кадрларды жұмысқа алудың кезекті кезеңі жүргізілуде және алдағы уақытта біртіндеп жергілікті халық жұмысқа тартылмақ.

         Бұл кәсіпорын – өте үлкен және күрделі техникалық өндіріс орыны. Промысел — это огромное и технически сложное производство. Мұнда өткен жылы 142,5 млн баррель сұйық көмірсутегі өндірілді, ал игерілген газдың деңгейін әлемдік жетістіктердің деңгейіне теңестіруге болады. «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қолданып отырған кадр саясаты – бұл осында жұмыс істеп жатқан шетелдік мамандарды жергілікті жоғары білікті мамандармен ауыстыруға бағытталған кешенді шара. Бұл үшін неғұрлым жұмысына адал және қызметтік сатымен жоғары көтерілуге талпынысы, болашағы бар қызметкерлерді іріктеудің жан-жақты ойластырылған жүйесі жасалды. Бұл жерде шын ниетімен карьера жасаймын дегендер қолдау табады. Кадрларды ұлттандырудың бірінші бағдарламасы нәтижелі аяқталды. Қазір 2015 жылдан 2020 жылдар аралығында шетелдік мамандарды сатылап ауыстырудың келесі кезеңі басталды.

         Қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі менеджер Елена Землянскаяның айтуынша, бүгінгі күні КПО-ның офистік қызметкерлерінің барлығы жергілікті кадрлар. Инженерлік-техникалық  қызметкерлер, сондай-ақ орта бөліктегі мамандар мен білікті жұмысшылар 96 пайызға ауыстырылған. Бірінші басшылар мен құрылымдық бөлімдердің басшыларының үлесі 79 пайызды құрайды. Мұнымен де шектелмейді, жергілікті кадрлардың санын көбейту моделін пайдалану компанияның негізгі даму стратегиясына тікелей байланысты болмақ. Мұнда механикалық ауыстыру көзделмейді, тек қана өз басының емес, жалпының, ұжымдық табысқа жетуді ойдайтын қабылетті қызметкердің тиімді кәсіби өсуін көздейді.

         – КПО әлемдік деңгейдегі компания болғандықтан өндірістік қауіпсіздік стандарттарына, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға,  жергілікті кадрлар санының өсуіне және тұрақты дамуына мүдделілігін сақтайды, — деп түсіндіреді Елена Землянская. – осы тұрақты да, бұлжымас талаптарды орындау үшін кадрлардың жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен біліктілігі қажет. Қарашығанақ өндіріс орынын игеру және пайдалану үшін мыңдаған білікті мамандар керек. КПО қазақстандық мамандарды оқытуға 178 миллионнан доллардан астам инвестиция салды. Оқыту барысында консорциум бойынша серіктестердің халықаралық бай тәжірибелері, өзіміздің оқу ресурстарымыз, белгілі және беделді оқу орындарының білімі пайдаланылады.

 

Өндіріс орыны ең заманауи құралдармен жабдықталған, оған тек іс білетін жұмыс қолы керек. Ұжым жаңа қызметкерлермен толықтырылып жатыр. Олар жұмысқа кіріспестен бұрын компанияның қоятын жоғары талаптарына икемделуге жағдай жасайтын тәжірибелерді игереді. КПО жергілікті кадрларды халықаралық стандарттарға сай сапалы тегін  білім алуға мүмкіндік жасап отыр. Оқу процесі техникалық білімді дамыту, бизнес-тәжірибе, басқару сапасы сияқты көп бағыттарда жүргізіледі.

Өндіріс орынының орталығы болып саналатын Ақсай қаласында тренинг-орталық жұмыс істейді, бұдан тек КПО қызметкерлері ғана емес, мердігерлік ұйымдардағы қызметкерлердің дені өтеді. Негізінен қызметкерлерді өндірістен қол үзбей оқытылады. Теория мен практиканы қатар алып жүрген өте тиімді. Оқу орталығында заманауи оқу технологиялары пайдаланылады. Бағдарламаға бір мезгілде кәсіби шеберлікке оқытатын пәндер ғана емес, сондай-ақ командамен жұмыс істеуге баулитын, алынған ақпараттарды сараптау, оларды жүктелген тапсырмамен сәйкестендіру сияқты сабақтар қатар жүргізіледі. Яғни, нұсқау бойынша әрекет ете отырып қызметкер жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады. Кез келген кешенді және жекелеген кәсіби дайындық қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей қауіпсіз жұмыс істеуге үйренуге негізделген.

КПО-да тәлімгерлік бағдарлама тиімді пайдаланылады. Жоғары кәсіби тәжірибесі бар жұмысшы өзінің білгендерін жаңадан келгендерге, жас ұрпаққа үйретеді. Елена Землянскаяның айтуынша, қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі бөлімнің мамандары мұндай ынтымақтастыққа түзетулер жасап, нәтижелерін сарапқа салып көмек көрсетеді. Бұл жерде оқытушының беделі мен сенім факторы, психологиялық сәйкестік есепке алынады. Тек осындай шартар сәйкес келген жағдайда ғана оқу – «өзің білесің бе, басқаларды үйрет» принципіне құрылған саналы түрдегі шығармашылық процесс бола алады. Сонымен қатар жастар мен тәжірибелі қызметкерлердің бірлесіп жұмыс істегенде араларында келіспеушілік кикілжіңдер болмайды. Бұл кез келген ұжымға аса қажет жылы, сыйласымды климатты қалыптастырады.

КПО он жылдан астам уақыттан бері қазақстандық университеттердегі мұнайгаз мамандықтарына оқып жатқан студенттерге қамқорлық көрсетіп келеді. Тәжірибелік сабақтардан өтуге келген кезде олардың мүдделері айқындалады және тұрақты жұмыс ұсынылатын талапкерлерге іріктеу жүргізіледі. Біліктілік деңгейін көтеру үшін компанияның қызметкерлері мен олардың балаларына білім алу гранты беріледі. КПО жолдамасы бойынша оқитындарға бүкіл әлемде сенім білдіретін халықаралық сертификаттар беріледі. Осылайша, келісімшарт бойынша және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мамандар Британдық сатып алу және жабдықтау институтының, менеджерлер – Британдық басқару және лидерлік институтының, қаржыгерлер мен бухгалтерлер Британдық басқару есебі институтының дипломын алады. Консорциум жұмысын бастағаннан бері 300 мың адамды оқытыпты. Қарашығанақтың әрбір қызметкерлері күн сайын тұрақты түрде өзін ісімен дәлелдеуі керек екенін түсінеді. Бұл саладағы мамандық сапалы білімді талап етеді, демек білімді жетілдіріп, үзбей оқу керек.

          Сондай-ақ, отандық жұмыс орындарын ұлғайтудың маңызды құрамы болып жергілікті тауар жеткізу мен қызмет көрсететін саланы дамыту болып табылады. КПО – қазақстандық кәсіпорындарды қолдау жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға ұмтылған, осы бағытта жемісті бағдараламаларды енгізген еліміздегі алғашқы компаниялардың бірі. Олар алдағы уақытта әлемдік стандартқа сай жаңа технологияларды меңгеру, шетелдік фирмалармен ынтымақтасу және бірлескен өндіріс орындарын құруды қарастырып жатыр. Қарашығанақ қойнауын игеруге КПО-дан төрт миллиард доллардан астам қаржыға тапсырыс алған үш мыңнан астам қазақстандық фирмалар жұмылдырылған. Нәтижесінде тауар жеткізу және қызмет көрсету жөнінде КПО-мен келісім жасаған қазақстандық фирмалардың үлесі 50 пайызға жетіп қалды. Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген форум аясында отандық тоғыз компаниямен ынтымақтастық келісімі жасалды. Демек, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс орындарын сақтау жөніндегі берген тапсырмасы орындалып жатыр, сонымен қатар алдағы уақытта жаңа жұмыс орыдары ашылмақшы.