АЛТЫНОРДА
Новости

Қалта телефоны қадірімізді кетірмесін

images (3)Тіпті Жоғарғы сот төрағасы жа­қында бір арыз-шағым түске­нін айтты. Бұл шағымда қыл­мыстық іс бойынша өтіп жатқан сот процесінде прокурор бүкіл сот отырысы барысында өзінің ұялы телефонынан бас алмаған, ал сотқа жетекшілік еткен Алматы қалалық сотының судьясы бұған ешқандай ескерту жасамаған. Осы шағым бойынша бейне­жазбаны қарау барысында дерек­тер расталған. Судьялардың бұн­дай әрекеттері бүкіл сот жүйесінің имиджіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты Қ.Мәми мырза облыстық сот басшы­ла­рына барлық сот отырыстарының аудио-бейне хаттамаларын уақ­тылы қарап отыруды тапсырды.

Шынында да, ұялы телефон пайдасынан бұрын ұятқа қалды­ратын құралға айналды. Бірқатар шенеуніктердің жұмыс бары­сында, түрлі жиында қалта теле­фондарын шұқылап отыратын­дығы бұған дейін де әлденеше рет сөз болған. Олардың қатарына әділдіктің Ақ ордасында оты­ратын Жоғары сот судьяларының қосылуы кешірілмейтін кінә. Адам тағдырын шешу барысында іске жіті назар аударып, қабыл­данатын шешімге сергек болудың орнына, телефонды серік етіп отыратындар қандай жазаға да лайықты.

 

Кезінде Астана қалалық сотының судьясы Қазыкелді Қасымов сот про­цесінде ерсі қылық көрсетіп, кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Сол кезде ашуына мінген ол журна­лис­терді қуып шығып, істі қарап жат­қан­да телефонымен арпалысып отыр­­­ған. Содан бері 6 жыл өтсе де, мұн­­­дай судьялардың әлі барына таңғалуға болады. Айтылған сөз айдалаға кеткен.
Осы секілді тосын оқиғалар ай­мақ­тарда да болып тұратыны жасы­рын емес. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері ұялы теле­фондарынан айырылып қала жазда­ған кез де болған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларға ескерту жасап, жиналыста қымбат гаджетте­рінен көз алмайтын қызметкерлерді сынағанын ешкім ұмыта қойған жоқ. «Бұл не деген тәртіп? Премьер-ми­нистр­дің орынбасары жиналыс өткізіп жатыр! Ал сендер өз телефон­дарыңнан көз алмадыңдар! Бұл беріл­ген тапсырмаға деген сендердің көзқарастарыңды көрсетеді» деген әкімнің айқайы алысқа естілді.
Жоспар бойынша мамандар білім алу бағдарламасын талқылауы тиіс болған. Бірақ Премьер-министрдің орынбасарына сұрақ қою орнына, әкімдік өкілдері телефондарынан көз алмаған. Айталық, бір шенеунік көктемгі су тасқыны мәселесін тал­қы­лауы қажет болса да, смартфонмен дойбы ойнап отырған. Бұл ескерту есі бар жігіттерді қаншалықты ойлан­дырғанын білмедік. Бірақ өзге өңірлер мен министрліктерде миы қатып, қалта телефонымен алысып жүрген­дер көп. 
Жақында бір ақпарат оқыдық. Телеарналардан берілетін сериалдар алкоголь және есірткіге теңестіріліпті. Демек, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Ұялы телефондар да дәл осындай қауіп төндіріп тұр. Айталық, әлеуметтік желілер отбасын бұзатын бірден-бір құралға айналды. Агент, фейсбук, уатсап секілді хат-хабар алысудың амалы болып саналатын байланыстар қоғамды ішінен ірітіп барады. Мысалы, Ақтөбе облысында 16 жастағы қыз телефон арқылы үш рет хат алмасқан адамына тұрмысқа шығып кеткен. Ертең не болатынын ойламаған да. Осы телефон арқылы адам өлтіріліп, қыз алып қашып, ұрлықты өршітіп, қастандық жасап, тіпті жолда көлік астына түсіп жатқандар немесе апатқа жол берген жүргізушілер де жетіп-артылады. 
Күні кеше ресейлік мамандар адамның өзін-өзі суретке түсіруі тек қана сүйікті ісі болудан қалып, психи­каға кері әсер етуі мүмкіндігін мә­лім­деді. Ал түнімен телефоннан түспей­тін­дер, бос әңгімемен уақыт өт­кі­зе­тін­дер қаншама? Олардың қата­рын шенеуніктер толықтырып жатса, демек, бұл жақсы құбылыс емес. 
Өкінішке қарай, депутаттар мен шенеуніктердің ұялы байланыс теле­фонын мақсатсыз, мәнсіз пай­дала­натын кемшіліктері әлемде де қай­таланып тұрады. Айталық, Ұлы­бри­тания парламентінің депу­таттары жылына шамамен 300 рет порнографиялық веб-сайттарға кіреді. Парламент қызметін үйлестіру­шілерден бастап, қатардағы қызмет­кері, халық қалаулылары жартылай жалаңаш өмірді қызықтауды дағдыға айналдырған. Дәл осындай мәселе Испан парламентінде де бар екен. Еуропа елдерінің депутаттары да сау жүрген жоқ.
Мұны айтып отырған себебіміз, өркениетті елдерден өнеге алғаны­мызбен, кейбір тұстарда сақтанатын жөніміз бар. Бәрінен қымбаты ұлттық менталитетімізден ажырамай, ұятты бәрінен жоғары қоятын уақыт кел­генін шен-шекпенділерге түсіндіру. Мемлекеттік қызмет майшелпек емес, құл болып қызмет ету екендігін екінің бірі түсінгенде ғана ісіміз алға басады.

Жолдасбек Дуанабай

http://www.aikyn.kz/