Өткенде қытай-құрылыс компаниясының жұмысшылары қандастарға қоқан-лоққы көрсетіп, жер телімін тартып алмақ болған еді. Сорақысы сол, өздерінің заңсыз киліккендерімен қоймай, қазақ отбасының мүшелерін соққыға жығып, тепкінің астына алғанын жазған едік. Бір өкініштісі, сол кезде еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Қытайдағы консулдығы да, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да үн-түнсіз қалған болатын.
Алайда, «Чжунго Цзяотун» компаниясының басшылығы өз қателігін мойындап, Үрімшідегі қазақ отбасынан кешірім сұрады. Бұл кешірім-хатты қытай ақпарат құралдарында ресми түрде жария еткен. Онда: «…Біз осы зәбірге ұшыраған бүкіл малшылардан кешірім сұраймыз және қираған мүліктерді төлеп береміз. Ал соққы алған адамдарды қаратып, моралдық және заттық шығынды төлейміз» делінген екен.
Қалай десек те, қытайлықтардың әділеттікке біртабан жақын екені рас. Компания басшысы қоластындағы жұмысшыларының заңсыз соқтыққанын ескеріп, осындай шешімге келуінің өзі сөзімізге дәлел бола алады. Ал егер осындай жағдай бізде орын алса ше?
Д.Дүрмән
http://www.turkystan.kz/articles/view/48939