АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қапшағайдың дөрекі әкімі: «Мен елдің бәрімен солай сөйлесем. Ешкімнен қорықпаймын» (видео)[:]

[:kz]

Бұл видеоны түсірген адам Қапғашай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың қабылдауына келген сияқты. Алайда оны қалай қарсы алған?

Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген  Городской Портал Бухта Капшагай есімді автордың айтуынша, әкімнің  дөрекілігі бізден көзге ұрыпты.

Алдындағы мені танымайды да. Сын көтере алмайды екен. Бірден «сенге» көшті. Бұл әкімнің атына сай ма? Өз эмоциясын ұстай алмайтын әрі ашуланшақ әкім:

«мен елдің бәрімен барлық жерде осылай сөйлесемін», деді.

Сонда мемлекеттік қызметкердің этикасы қайда қалды? Егер ол қарамағындағы адамдармен осылай сөйлесер болса, мұны жалпақ жұртқа жария қылу керек. Бұған жол берген дұрыс емес», — деп жазыпты автор.

Ал видеоның атын автор: «Қапшағай қаласы әкімінің дөрекі қылығы» деп қойыпты.

„Дәл қазір біз Алматы облысының Мемлекеттік қызмет жөніндегі департаментіне арыз дайындап жатырмыз. Этика бойынша, Кеңестің төрағасы Қапшағай қаласы әкімінің әрекетіне не дейді екен? Сонымен қатар, Қапшағай қалалық әкімдігіне де хабарласамыз. Қала басшысының әрекетіне берілген бағаны жұртқа жария етеміз», — дейді«Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов

365info.kz Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар

[:]