АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қар көбесі сөгілді…

8martamor1Төңірекке шуағын төгіп, Көктем де келіп қалды. Сіресіп жатқан қар көбесі сөгілді. Ызғардың беті қайтқан. Жылы леп есетіндей ме, қалай…
Адамдардың жүзінен де жылылық байқалады. Көктемнің әсері ғой. Табиғатпен егіз екеніміз осындай шақта сезіледі. Мезгіл ауысып еді, өзгерісі байқалып жатыр.
Көктем келді деген сөз – ұлттық төл мерекеміз Наурыз да иек астында тұр дегенді білдіреді.
Наурыз. Жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін сәті.
Енді күн нұрын молынан төге бастайды. Ағаштар бүршік жарады. Сай-сала суға толады. Құстар әніне басады. Жаңа туған төлдердің ойнақ салғаны да бір қызық…
Тіршілікке жаңа өң кіреді. Дүниенің бәрі жаңарып, жасарып кеткендей… Шіркін, көктем құдіреті.

http://anatili.kz/