АЛТЫНОРДА
Новости Караганды

ҚАРАҒАНДЫДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕЙТІН БОЛДЫ

images (3)Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев әкімдік жиынында жаңа жылдық безендіруге қаражат бөлуге тыйым салу керек деп мәлімдеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Асылбек Дүйсебаев бұл мақсатқа қыруар қаржы жұмсалып сатып алынған былтырғы жабдықтарды пайдалануды ұсынған.

Былтыр облыс орталығында 2272 жаңа жарық диодты элементтер, жаңа үлгідегі шыршалар мен шағын архитектуралық пішіндер, мерекелік ойыншықтар мен безендіру құралдары алынған.

Биыл бірнеше облыс жаңа жылды мерекелеу шараларына үнем жасауда. Павлодар әкімдігі бұл мақсатқа жылдағыдан 20 миллион теңге кем жоспарласа, Ақтауда бұл мақсатқа 49 миллион теңге бөлінген.

«Қамшы» сілтейді