Балалар проблемасы бойынша арнайы кеңесші Америка Құрама Штаттарының дипломаты Сьюзен Джейкобс қазақстандық сәбилерді АҚШ азаматтарының асырап алуы жөніндегі мәселені талқылау үшін біздің елге келмек.
Кезінде асырап алынған қазақстандық балалардың құқы аяққа тапталып, одан бүкіл әлем хабардар болып жатқанда, Сьюзен Джейкобстің бұл келісінде қаншалықты сенім бар? Сьюзен біздің атқамінерлерді «бәрі ойдағыдай болады, балалар құқының аяққа тапталуына кепілдік береміз» деуі ықтимал.Біздің шенеуніктер тағы жалпақшешейлікке салынып, балаларды асырауға рұқсат беріп қоя ма? Жалпы, ТМД-дағы көптеген мемлекеттер шетелдіктердің бала асырап алуына тыйым салып жатқаны белгілі. Сондықтан бұл шешімді біздің елдің де қабылдайтын уақыты жетті.
Қазіргі таңда Қазақтанда қамқорлықсыз жетім қалған балалар саны – 35 мыңды құрап отыр. Деректерге жүгінсек, соңғы 14 жылда 47 мың жетім асырап алынған. Олардың ішінде 38 мыңын республика азаматтары асырап алса, 8,8 мың бала басқа елдерде (олардың басым бөлігі АҚШ-та) жүр.
Берік Бейсенұлы