Өскеменнің 44 жастағы тұрғыны қарапайым 6 қарта ойынын ақшаға ойнағаны үшін бір тәулікке қамауға алынды.
— Сотта ол өзімен бірге тағы бірнеше адамның карта ойнағанынын, олар ойынға 50-100 теңгеден ақша салғанын және жеңіпаз атанып 300 теңге ұтып алғандығын айтты. Ол өз кінәсін мойындады, бірақ бес бала бағып отырғандықтан белгіленген айыппұлды қалтасы көтермейтіндігін түсіндірді,-дейді Өскемен қалалық әкімшілік сотының баспасөз хатшысы Хабиба Тілеубергенова.
Құмар ойынға қатысқан тәртіпбұзушы белгіленген әкімшілік бап бойынша жазаға тартылды. Соттың шешімімен ол бір тәулікке қамауға алынып, жанында болған 550 теңгесі мен картасы тәркіленді.
Дарын Нұрсапаров
ШҚО
http://munara.kz/