АЛТЫНОРДА
Новости

Қарға салынған қиял шындығы

Ағылшын суретшісі Саймон Бектің жәй ғана бір күндік серуені ерекше өнер туындысының дүниеге келуіне себеп болады. Ол әр жыл қыс келген сайын жаяу жүруге арналған қысқы аяқ киімін киіп алып, мұзды Савойи көлін жағалап қыдырып қайтады. Саймон Бектің 5-9 сағаттық «қыдырыстауынан» кейін ол жүрген жерде тамаша ою-өрнектер мен геометриялық суреттер пайда болады. Әрбір осындай сурет үлкен өлшеммен есептегенде үш футбол алаңына тең болады. Суреттердің бір ерекшелігі, жоғарыдан қарайтын болсаң 3D-эффект үлгісінде әдемі көрінеді. Бір жаманы бұл ерекше туындының ғұмыры ауа-райына тәуелді. Қатты жел тұрса немесе қар жауса болды, бұл жұмыстың көз алдымызда жоқ болары анық. Кейде Саймон Бек «талқандалған туындысын» қайта қалпына келтірумен айналысады. Бірақ көбіне жаңа жұмыстармен айналысқанды жөн көреді.

Сеймон Бек тау шаңғысымен сырғанаудан алған екі аяғының жарақатынан кейін бұл жаңа идеямен айналыса бастаған. Ұлпа қарды ыңғайына жығылдырып, қиялына қанат бітірген суретшіге бұл жұмыс – бір жағынан физикалық жаттығу. Жәй ғана серуендеу арқылы денсаулығын қалыпқа түсіреді, әрі қайталанбас өнер туындысын дүниеге келтіреді. Әр суреттің өзіндік мәні, мағынасы бар. Өзі үшін ғана істелген жұмысты жариялауға құмартпаған суретші БАҚ өкілдерінің қызығушылы үшін ғана келісім берген екен. Үлкен ерік-жігер, маңдай терді талап ететін туынды өмір сұлулығының айқын көрінісі іспетті.

Сеймон Бектің туындылары:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adme.ru

massaget