АЛТЫНОРДА
Новости

Қарызын өтемеу үшін жынысын ауыстырған

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz – Ресейдің Астрахань қаласында тұратын әйел қарызынан құтылу үшін жынысын ауыстырған. Оның мемлекетке деген берешегі 130 мың рубльден асып, амалсыздан осындай қадамға бел барғандығын айтты.

Қарызының 70 мыңы билік өкілдеріне күш көрсеткені үшін тағылған айыппұл екен. Ал, қалған 60 мың жайында тәртіп сақшылары айтқан жоқ.
Сот орындаушылары Натальяны тұрғылықты мекен-жайы бойынша іздеп келген. Алайда, әйелдің біршама уақыттан бері ол үйде тұрмайтындығы анықталды. Кейінірек белгілі болғаны, Наталья жынысын ауыстырып, жаңа төлқұжат алыпты, есімін де Андриан деп өзгерткен.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары трансвистит әйелді іздеп жатыр. Осы қысқа ғана уақыт ішінде тағы да мыңдаған рубль мемлекетке қарыз болған.

http://baq.kz/kk/news/42768