Қазақстанның тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Шығыс Түркістан халқы тағы бір шағын көтерілістің куәсі болды. Қытайдың солтүстік-батыс өлкесі Шыңжаңда жексенебі күні қақтығыс болып, 16 адам қаза тапты.
Қақтығыс орын алған жер – Қашғар қаласы маңындағы Шифу елді мекені. Ресми билік мәліметтеріне жүгінсек, жарылғыш құралдар және пышақпен қаруланған топ полиция қызметкерлеріне тап берген. Шабуыл нәтижесінде 14 базбұзар оққа ұшса, екі тәртіп сақшысы ауыр жарақат алған. Бүгінде қарулы шабуылды ұйымдастырды деген айыппен екі адам абақтыға жабылды.
Жергілікті халықтың көпшілігі ұйғыр ұлтынан. Олардың өз пайымдарынша, шабуылдың нақты себебі басқа да. Тәртіп сақшыларына тап берген топқа Бейжіңдегі жарылысты ұйымдастырған «діни топ» деген айып тағылса керек. Ал Мюнхендегі Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің өкілі мүлде басқа деректі ұсынып отыр. Олардың айтуынша, қытай полицейлері аз ұлттар өкілі жиналған үйге басып кіріп, бірінші болып оқ жаудырған. Құқық қорғаушы қайтыс болған 14 адамның барлығы да ұйғыр ұлтынан дейді, ал екеуі тіпті кәмелетке толмаған.
Шыңжаң өлкесінде қытайлар мен ұйғырлар арасында жиі қақтығыс орын алып тұрады. Мәселен, Қашғарда полиция учаскесіне шабуылдан 11 адам көз жұмған. Ал бір ай бұрын Бейжіңде автокөлік алаңдағы жұртшылыққа бір-ақ соқтыққан. Сөйтіп бірнеше туристер ді басып өтіп, жарылған. Қытай билігі бұл оқиғаны «террористік акті» деп тауып, кінә – «ұйғыр сепаратистеріне» таңылған еді.
Көрші мемлекеттің батысында көптеген ұлт өкілдерді тұрады. Олардың ішінде қазақ бауырлар да баршылық. Бірақ соңғы кездері ірілі-ұсақты баскөтерулердің көбеюі – тәуелсіздікке деген ұмтылыс қана