Астана. 29 қаңтар. Baq.kz – Адам қас арқылы қуаныш, таңданыс, қызығушылық, наразылығын да білдіріп жатады. Ал егер қастың үштен бірі түсіп қалса, қалқанша безіңізді тексерткеніңіз жөн.
Қасыңызды жиі бояй бастадыңыз ба? Қастың ішкі тұстары сирей бастады ма? Қастың түсуі қалқанша без белсенділігінің төмендеуінің белгісі екенін есте сақтаңыз.
Гипотиреоз әйелдер мен 50 жастан асқан адамдар арасында болады. Мұнан бөлек, адам депрессияға бой алдырып, артық салмақ қосып, сүйектері қақсап, шаш пен тері құрғайды.
Бұл белгілерге қарап, науқастың қалқанша безі гармон бөлуін төмендетті деуге толықтай негіз бар. Гипотериозды қан сынамасы арқылы анықтауға болады. Қажетті дәрі-дәрмек ішкен соң, қасыңыздың қоюланғанына көз жеткізесіз.
http://baq.kz/kk/news/42814