Али Банат есімді миллионер өзінің қатерлі ісік ауруының соңғы кезеңінде екенін естігеннен кейін бар жиған-тергенін қайырымдылық шарасына жұмсауды жөн санапты.
Ferrari Spider және көптеген қымбат көліктер мен зәулім сарайлардың қожайыны өзінің жеті ай көлемінде ғана өмір сүретінін білгеннен бастап күрт өзгерген. Ол Африкада 200 жесір әйел мен 600 жетім балаға арналған ауыл салатын болып шешкен. Оларға арналған баспанадан бөлек ауылда дүкендер мен аурухана, жұмыспен қамту орталығы да бой көтеретін болады.
«Алла маған ауру жіберіп сынауда. Жақында мен тек өзімнің жалғыз қалатынымды білемін. Маған ізгі амалдарымнан басқа ештеңе көмектеспейтінін де білемін», – дейді ол.
http://muslim.kz/kk