Калифорнияның Санта-Ана түрмесінен 3 қылмыскердің қашып кеткені туралы өткен айдың соңында хабарлаған едік. Сол кезде полиция мен ФТБ оларды ұстауға көмегі тиетін ақпарат үшін 50 мың доллар сыйақы беретінін жариялады. Жуырда Бак Дуонг, Джонатан Тиу және Хуссейн Найери туралы дәл ақпарат беріп, ақыры олардың ұсталуына себеп болған Мэтью Хэй-Чапман уәде етілген сыйақыны алып, шала байып қалды, деп хабарлайды San Francisco Chronicle. Чапманның айтуынша, оның есте сақтау қабілетінің күштілігі соншалық, ол қашқындарды көрген кезде жазбастан таныған. Сондай-ақ олар мінген көлік нөмірін бір көргеннен есте тұтқан ер адам, оны тура сол күйі полицейлерге жеткізген. Ал бұйырған 50 мың долларды үй-күйсіз күн кешіп жатқан Чапман, өмірін жаңадан бастау үшін жұмсайтынын айтыпты. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/