АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазақ келіп құтқармаса, Ресей құрдымға кеткелі тұр» — сарапшы[:]

[:kz]

Қазақ келіп құтқармаса, Ресей құрдымға кеткелі тұр. Орыс халқы мұны тұла бойымен сезінуде. Орыс әлемнен оқшау қалды: Батыстың санкциялары, мұнай бағасының құлдырауы, орыс бизнесінің Еуропа нарығынан ығыстырылуы, орыс саясаткерлерінің әлемдік көшбасшылар алдында сенімнен шығуы, ақылды бастардың елден ағылуы бәрі-бәрі айналып келіп Мәскеуді құзға сүйреп барады.

sermaleeввv2Халық қашанғы шыдайды деп ойлайсыз? Жарылады бір күні.  Мұндай жағдайда Ресейді ең қорқынышты сценарий күтіп тұр.
Мұның алдын алуға бола ма? Ресейді қалай құтқарамыз? Жолы бар.

Бірінші кезекте Ресейдің бас қаласын Мәскеуден Астанаға көшіру керек!

Неге?

Қазақ әуелден-ақ сыртқы және ішкі саясатты сауатты жүргізе білген. Астананы Елордаға көшірер болса, Путин мен Медведев тандемі өзінің бір кезгі күнәлары мен кемшіліктерін жуып-шаюға мүмкіндік алар еді. Олардың астыртын, озбыр саясатын қазақты байыпты, сабырлы ұстанымы сабасына түсірер еді.

Екінші кезекте Ресейдің атын өзгерту керек. Себебі, соңғы тарихи деректерге жүгінсек қазіргі Ресей мемлекетінің орыстарға түк қатысы жоқ.
Мұның орнына

Ресей мен Қазақстанды біріктіріп Алтын Орда мемлекетін құру қажет.

Алтын Орданың тікелей мұрагерлері — қазақтар. Сондықтан жаңадан құрылған мемлекетті қазақтар билесе бұған ешкім дау айта қоймас. Қазақтар бұған толық құқылы. Сосын бұл Ресейге тиімді. Бір кезгі жарты әлемді жалпағынан басқан империя осылайша ұмытылады. Оның озбыр саясаты да тарих қойнауына сіңеді. Орыстар өз кезегінде:

«біз қазір Алтын Орда құрамындамыз. Бұрынғы мемлекетке қатысымыз жоқ. Оның қателіктеріне жауап беруге тиісті емеспіз» деуге мүмкіндік алады.

Ресейді қазақтар басқаруы керек!

Сонымен Қазақстан мен Ресей Алтын Ордаға бірікті делік. Бұл биліктің төбе басында қазақтар отырады. Бұл қазіргі Ресей құрамындағы халықтарға не береді?

Біріншіден, қазақтарға деген көзқарас жақсы. Қавқаздықтардың да, Ресейдегі түркітілдес бауырлардың да қазақтарға деген көзқарасы түзу. Бұл қайдан қалыптасты? Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Сталин жүйесінің қырғынынан қашқан халықтар Қазақстанға келіп пана тапқан. Міне, сол кезден бері Шешенстан президенті Рамзан Қадыров айтқандай шешендер қазақтарды аға санайды.

Сондықтан Алтын Орда сияқты мемлекетте ұлттық мәселе орнымен шешілер еді. Қазіргі Ресей сияқты Дағыстандағы, Ингушетия мен Шешенстандағы өзгеше ойлайтындарды қудаламас едік.

Қазақтарда ұлтаралық татулықты сақтай алатын үлкен тәжірибе бар. Міне, осы саясатты Алтын Орданы құрғанда ұстану керек.
Нақтылап айтсақ, қазіргі Ресей құсақты автономды елдердің тілі мен ділін дамытуға кедергі келтірудің орнына оларға кеңдік беру қажет. Ал бұл мәселеде қазақтарға біздің бауырлар татарлар мен башқұрттар үлкен көмек көрсетер еді.

Батыстың санкциясы

Жас мемлекеттің экономикасын дамыту үшін алдымен Батыстың санкцияларынан құтылу керек. Мұның жолы қайсы?
Алтын Орда құрыла сала Ресей жаулап алған Украинаның аумағын кері қайтарамыз.

Украинаға Донбассты қайтарып беріп, бұл аймақты қолдан жасалған «ДНР» және «ЛНР» сепаратистерінен тазарту қажет. Бұдан кейінгі кезек Қырымға келеді.

Путиндік билік басып алған Украинаның жерлерін кері қайтарсақ Батыс автоматты түрде санкцияны алып тастайды. Бұл Алтынорданың екінші тынысын ашады.

Алтын Орда бейтарап статустағы мемлекетке айналатыны елдің Негізгі Заңында жазылуы тиіс.
Осы себепті танкі мен зеңбірек өндірісі тоқтатылып, оның орнына экономикаға баса назар аударылады.

Украина

Алтын Орда сыртқы саясатта Украинамен арадағы байланысты жақсартуды бірінші орынға шығарады. Бауырлас орыс пен украин жауласпау керек.

Міне, осы кезде ғана бейбітшілік орнайды.

Путиндік жүйе келмеске кеткенде ғана Еуразия құрлығы тынышталады. Өмір де сол кезде түзеледі.

Серік Мәлеев

[:]