Астана. 15 мамыр. Baq.kz – Канн кинофестиваліне Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» фильмі» байқауға түспек.
67-ші халықаралық дода бүгіннен бастап, 25 мамырға дейін жалғасады. Ал, отандық туынды екі отбасының оқиғасын баяндайды. Жанр бойынша, бұл фильм драмаға жатады. Бірақ, кино сыншылар «қара комедия» деп атап кетіпті.
«Бұл фильмді біз өткен жылдың жаз айында Алматы облысында түсіргенбіз. Туындыны түсіруге небәрі 2 ай уақыт жұмсадық. Ал, Канн кинофестиваліне үміткерлердің есімі 17 сәуірде анықталған. Бірақ, ай соңында додадан тыс фильмдердің тізімі де белгілі болды. Соның ішінде мен түсірген туындының болғаны қуантады», — деді «Үкілі кәмшат» фильмінің режиссері Әділхан ЕРЖАНОВ.
Биыл негізгі жүлде — «Алтын пальма бұтағы». Ол үшін байқауда 18 фильмнің бағы сыналады. Кинофорумның өзі басты рөлде Николь Кидман ойнаған «Монаколық Грейс» туындысымен түрілмек. Сондай-ақ, отандасымыз Марғұлан Қапашевтің «Еркін құстар» қысқаметражды фильмі биылғы «Short Film Corner» бағдарламасы аясында көрсетілетін болады.
http://baq.kz/kk/news/47176