АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ қыздары «Ислам мемлекетінде» соғысып жүр

today.kzҰлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері «Ислам мемлекеті» сарбаздарының қатарында 300 қазақстандықтың соғысып жүргенін растады. Олардың барлығының жеке бастары анықталған. 

Бір таңқаларлығы олардың жартысы қыздар. Қазақ жастарын өзге жерде соғысқа бастаған кім? Ұлттық қауіпсіздің комитеті мамандарының пайымдауынша, экстремистік әрекеттерге қазақ жастарын ғаламтор арқылы үгіттеп немесе елімізге арнайы келген жат дінді насихаттаушылар жолдан тайдырған. Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі діннен жат дінді насихаттаушыларға қарсы қатаң шаралар қолға алынған. Жат діннің жетегінде кетіп, өзге елде соғыс қимылдарына қатысқандарға қылмысты жауапкершілік қарастырылған, тіпті олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kazak-kyizdaryi-islam-memleketnde-sogyisyip-jur-57670/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі