АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ қыздары Олимп шыңын қашан бағындырады?

Қазақ спортының тарихында Олимпиада чемпионы, тіпті жүлдегері болған қазақ қызы жоқ. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде бес рет қысқы Олимпиада ойындарына, бес мәрте жазғы Олимпиада ойындарына қатыстық. Өкінішке қарай, әлі бірде-бір қазақ қызы Олимпиада жүлдесіне қол жеткізген жоқ.

Рас, 2010 жылы тұңғыш рет Сингапур­де өткен жасөспірімдер арасындағы Ол­им­пиада ойындарында ауыр атлет аруы­мыз Жазира Жаппарқұл саф алтынды өңі­рінде жарқыратып (суретте), жеңіс тұғы­ры­ның ең биік сатысына көтерілген. Яғни Олимпиада чемпионы атанған. Бірақ бұл – жас жеткін­шектер арасындағы Олимпиада.

Бірақ Олимпиада ойындарына қаты­сып жүрген қыздарымыз жетерлік. Тіпті қ­азағы аз қысқы спорт түрлерінде де Ақ Олим­пиадаға қатысқан қыздарымыз бар­шылық. Бұл орайда бірінші кезекте конь­ки­ші аруымыз Кенжеш Сәрсекенованы атап өтуге тиіспіз. Ол 1994 жылы Лилле­хам­мердегі (Норвегия), 1998 жылы Нага­но­дағы (Жапония) Олимпиада ойындары­на қатысқан. Одан кейін де Олимпиада ой­ын­дарына қатысқан қыздарымыз бар­шы­лық. Шайбалы хоккейден Динара Ди­қанбаева Солт-Лейк-Ситиде, фристайл­дан Жібек Арапбаева Ванкуверде ел намы­сын қорғады.

Ал жазғы Олимпиада ойындарына қа­тыс­қан қазақ қыздары біршама. Солардың ішінде Олимпиада жүлдегері атанудан мүмкіндіктері мол болған көркем гимнас­шы Әлия Юсупова мен құралайды көзге ат­қан мерген Зәуреш Байбосынованы ерек­ше атап өтуге болады. Соңғы екі Олим­пиа­дада таэквондошы қыздарымыз­дан жүлде күткенбіз. Алайда әзірше қазақ қыз­дарының төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада бағы жанбай келеді. Бірақ біз қыз­дарымыздың Олимпиада ойындары­нан жүлде алатынына сенімдіміз.

Қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиада чемпионы және жүлдегері ауыр атлетика­дан шыға ма, жоқ таэквондошы арулары­мыздың бірі бола ма, оны уақыт көрсетер. Бәлкім, боксшы немесе балуан қыздары­мыз­дың бірі болып ел спорты тарихына өз есімін алтын әріптермен жазар. Бәрін де алдағы уақыт көрсетеді. Әлеуеті зор қыз­да­рымыздың барлығын тізіп шықпасақ та, Жазира Жаппарқұл, Анна Нұрмұхан­бетова (ауыр атлетика), Гүлнафиз Айт­мұ­хам­бетова, Феруза Ергешова (таэквондо), Гүлжан Иссанова (дзюдо), Саида Хасено­ва, Дариға Шәкімова (бокс) бастаған ха­лық­аралық додаларда айрықша көзге түсіп жүрген аруларымыздың бар екенін айта кету ләзім.

Осы ретте шахматшы қыздарымызға ай­рықша көңіл бөлгіміз келеді. Тап осы күндері Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құра­ма­сы­ның намысын өрімдей жас бес қа­рындасымыз қорғауда. Біле білсек, әзірше ешбір спорт түрінде құрамы тек қазақ жас­тарынан жасақталған ұлттық құрамамыз жоқ (бұл жерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлерін есепке алып отырған жоқпыз). Әрі шахматшы қызда­ры­мыз – осы әлем чемпионатына қатысып жатқан ең жас құрама. Жас та болса біздің қыздарымыз 64 тор көзді тақта үс­тінде әлемнің таңдаулы құрамаларымен тере­зесі тең өнер көрсетуде. Халықаралық гроссмейстерлер – Гүлісхан Нақбаева мен Динара Сәдуақасова, халықаралық шах­мат шеберлері – Мадина Дәулетбаева,  Гүл­мира Дәулетова және жас талант Жан­сая Әбдімәлік күллі қазақтың мақтанышы десек, асыра сілтегеніміз емес. Шебер­лік­терін шыңдай түскен соң осы қыздарымыз бен олардың ізін басқан жас бүлдіршін­дері­міз шахмат әлеміне үстемдік құрады деп үміттенеміз.

Ұлттық спорт түрлерінде де абыройы­мызды асқақтатып жүрген қарындас­тары­мыз бар. Бұл ретте Әсел Далиеваны (то­ғыз­құмалақ) ілтипатпен атап өткіміз ке­леді.

Ендеше, күні бүгінге дейін қазақ қызда­ры­нан шыққан Олимпиада чемпионы мен жүлдегері жоқ деп жасымайық. Ештен кеш жақсы. Әлі-ақ қыздарымыздың жүл­де­ле­рін санаудан жаңылысатын күн туар. Үйіп-төгіп бір-ақ беріп, жүлделер де, қуа­нышы­мыз да қойнымызға сыймай, мәре-сәре болатын күнге жазсын.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

 

http://alashainasy.kz/sport/40995/