АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ қызы «Ресей аруы — 2013» атағын жеңіп алды

Мәскеуде өтіп жатқан арулар байқауы өз мәресіне жетті. «Ресей аруы – 2013» атағын қазақ қызы Эльмира Әбдіразақова жеңіп алды, деп жазды «Айқын» басылымы. Бүкіл халықтың назарын аударған он сегіз жастағы қандасымыз Междуреченск қаласының тұрғыны екен. Ол Новосібірдегі Сібір Жол қатынастары университе­тінің студенті. Туған жері – Қа­зақстан. Үш жасында ше­шесімен Ресейдің Куз­басс өлкесіне қоныс аударған. Алғашында өзі оқитын Новосібір қаласында бол­ған арулардың бәйгесін­де көрермен көзайымына айналған сұлу Мәскеуде өтетін бүкілресейлік ару­лар байқауына жолдама алған-ды. Оның басына ки­гізген тәжі таза ақ алтын, жақұт, бриллиантпен апталған, құны миллион доллар­дан жоғары екен. Оған қоса, 100 мың АҚШ доллары және Hyun­dai Solaris жеңіл көлігіне ие болған ару алдағы уақыт­та Ресей атынан «Әлем аруы» және «Ғаламшар аруы» байқауына қатысуға мүм­кіндік алған.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: itar-tass.com

 

http://massaget.kz/alemtanu/zhahan/8826