Алматы. 12 тамыз. Baq.kz – Қазақстанда алты алаштың тарихынан сыр шертетін «Қазақ елі» музыкалық альбомы жазылды. Жаңа туындының қыр-сыры туралы автор, сазгер Сайрамбек Жексембі айтып берді.
«Алғаш рет еліміздің тарихын музыкалық туындыда баяндауға тырыстық. Трилогияда драматургия да, ішкі энергия, сюжет те бар. Қазақтың барлық тарихын бір туындыға сыйғызу өте қиын», — деді сазгер.
Оның айтуынша, туынды 3 бөлімнен тұрады. Автор 2CD, 1 DVD диск жазуды жоспарлап отыр.
«Бірінші диск Марат Бисенғалиевтің көркемдік жетекшілігімен Алматы симфониялық орекстрінің орындауында төрт-ақ күнде дүниеге келді. Туынды Александр Шевченконың «Sky Rekording» студиясында жазылды», — деп түйіндеді сөзін автор.
Сазгер жақын болашақта екінші және үшінші альбомды дүниеге әкеліп, концерттік тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр.
http://baq.kz/kk/news/51418