Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы 4-7 ақпанда Гуанчжоуда (Қытай) өтетін Федерация кубогына — Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топ ойындарына қатысады.
Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Досқараев құрамаға Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева, Кәмила Керімбаеваны шақырған.
Қазақстан спортшылары А тобында Қытай, Тайпей, Таиланд құрамаларымен ойнайды. В тобында Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея теннисшілері кездеседі. Әр топтың бірінші орын алған құрамалары финалға шығып, жеңіске жеткені екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Қазақстан құрамасы 2014 жылы бұл кубоктың топтық кезеңінде Таиландтан ұтылып, финалға шыға алмаған.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html