АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкін

Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкінБілім саласында тағы бір бастама! Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкін. Осындай ұсыныс айтқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Білім және ғылым министріне пәндер санын қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ президент «үш тілді оқытудың» қазір ауадай қажет екенін де айтты.

Большое обсуждение вызвали инициативы в сфере школьного образования. Включая переход на трехязычие и пятидневку. Что это такое? Кто объяснил, рассказал людям?

«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» Бүгін президент министр Сағадиевті осылай сынады. Білім министрімен бірге жүз өзгеретін білім саласындағы реформаларды халық дұрыс ұқпаған, президент «даудың басы осыдан» деді. Сөгіс естіген Сағадиев «үш тілді оқыту», «бескүндікке» көшу іспетті «жаңалықты» «менің бастамам емес», 15 жылғы үкімет жұмысы деп ақталды. Ал жаңашылдықтарды министр жұртқа күнде түсіндіріп жүр екен.

— Қазір түсіндіріп жатырмыз, мен сөйлеп жатырмын күн сайын. Ертең халықпен сөйлесіп бір түсіндіріп беремін дұрыстап.

«Бескүндік білімге көшу үшін оқуды ұзарту емес, пәндерді қысқарту керек» деген президент тағы бір оймен бөлісті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

— Например, қазақ тілі мен әдебиеті можно один предмет сделать? Литература и грамматика русского языка, история и география. Мы детей пичкаем ужасно много, такого нет в мире.

Қазақ тілі мен әдебиетін бір пән ретінде оқытуды министр де құптап отыр. Президенттің пәрменін екі етпейтін Ерлан Сағадиев жоғары сыныптардағы пәндердің 30 пайызы қысқаратынын айтты. Бұл аяқ асты емес, төрт жылда жүзеге асады деген министр бес баланың әкесі ретінде «барлық реформа бала үшін » деп уәде етті. Ата-аналарды уайымдамауға шақырды.

ЕРЛАН САҒАДИЕВ, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Количество учебных программ в старшей школе сократится. В среднем где то с 18,19 до 14 будет предметов. Не переживать өзім бес баланың әкесімін.

Сондай-ақ президент әлем тарихын орыс, өзге техникалық, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды қазір ауадай қажет деп отыр. «Көзге құм құйған» деп кеңес кезін айыптаған Назарбаев тамақ тауып жегің келсе тіл білу міндетті деп кесті.

ӘЛИЯ ӘШІМ, Тілші:

— Сондай-ақ президент бюджеттен ақша ұрлап, жемқорлыққа барған шенеуніктерді темір торға қамаудың қажеті жоқ деді. Жегендерін он есе қайтарып, мүліктерін тартып алған соң олардың қол-аяғын байлаудың қажеті не деген Нұрсұлтан Назарбаев түрменің тәрбиелейтініне күмәнмен қарайды. Тіпті оларды абақтыға отырғызып, асырау үшін ақша шашудың керегі жоқ деген президент түрмедегі адам санының 40 пайызға азайғанын айтты.

Әлия Әшім, Нұркен Тоқмурзин, Қуаныш Омаров

 

31.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/bil/kazak-tl-men-adebiet-br-pan-retnde-okyityiluyi-mumkn-83305/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі