Шетел тілінде сөйлейтін Қостанайлық полиция Қазақстанның 25 жылдан бері Тәуелсіз ел екенін білмей ме?!.
ҚР Бас прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВ мырзаға!
ҚР Ішкі Істер министрі Қ.ҚАСЫМОВ мырзаға!
Мемлекеттік тілдегі хаттамаға екі есе айыппұл шығарғандар – мемлекетке қарсылар!
14 шілдеде Qazaquni.kz ұлттық порталында «ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ «ҚАЗАҚҚА» ҚАЗАҚША сөйлегені үшін АЙЫПТЫ БОЛДЫ». «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ жазасың» дейтін қостанайлықтар өздерін РЕСЕЙЛІК сезіне ме? http://www.qazaquni.kz/?p=38276 және «ОРЫСША СӨЙЛЕССЕҢ – ҚҰТЫЛАСЫҢ, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕҢ –ТҰТЫЛАСЫҢ!..http://www.qazaquni.kz/?p=38496 атты мақалалар қоғамдық резонанс туғызып, қалың елдің талқысына салынуда.
Алдымен Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарық көрген, кейін Qazaquni.kz ұлттық порталында басылған журналист Жандос Жүсіпбектің «Қазақ «қазаққа» қазақша сөйлегені үшін айыпты болды» атты мақаласындағы масқарашылық, генерал-майор Т.С. Маткенов басқаратын Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің сержанты
ДОСМАИЛОВ ДӘУЛЕТ (суретте) мемлекеттік тілге қарсы саясат ұстап, жол ережесін бұзған Ақтолқын Жәнібекованы ( тек орыс тілінде ғана хаттама толтыруға мәжбүрлеген! Мемлекеттік тіл туралы Атазаңымыз аяққа тапталған. Д.Досмаиловтың дөрекілігі мен өз қызметін заңсыз асыра пайдалануының кесірінен А. Жәнібекованың денсаулығына нұқсан келгенін төмендегі “Қостанай таңы” газетінің видеосы мен құжаттардан айқын көруге болады.
«ОРЫСША хаттама ТОЛТЫРСАҢ 10 мың теңге, ҚАЗАҚША ХАТТАМА ТОЛТЫРСАҢ, ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ 20 мың теңге ТӨЛЕЙСІҢ” -ДЕП, ҚАЗАҚ ТІЛІНІЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАРСЫ ҮГІТ ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР СЕРЖАНТ ДОСМАИЛОВТЫ ЖҰМЫСТАН ҚУУ БЫЛАЙ ТҰРСЫН, ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ КЕРЕК!
«Мемлекеттік тілде хаттама толтырсаң-20 мың теңге, Ресей тілінде толтырсаң 10 мың теңге айыппұл төлеу» туралы жарлық шығарғандар – мемлекетке қарсылар! Бұндай масқаралыққа басқа ешқандай сөз жоқ!
Бұндай мемлекеттік тілімізге қарсы- мемлекеттік мүддеге қарсы жарлықты кім шығарған? Бұл Қостанай облысы Ішкі істер департаменті басшысы Т.С Маткеновтың бұйрығы ма? Жоқ, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов шығарған ба, немесе министр мүндай сұмдықты біле ме?
Қостанай облыстық әкімдігінің ресми органы болып табылатын «Қостанай таңы» облыстық газетінің бас редакторы Ж.Аязбековтың заңдылықты талап етіп, сұрау салған хатына әлі күнге дейін Қостанай облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов н осы уақытқа дейін заңды бұзған қызметкеріне шара қолданбай, Атазаңды қорғамай, А жауап берген жоқ. Мемлекеттің заңдарының сақталуын қорғауы тиіс генерал-майор не үшітазаңды талап еткен азаматшаны қорғамай… отырғаны түсініксіз.
«Атазаңды аяққа таптаған қарауындағы қызметкерін жазалап, қазақша түсінік алып, жұмыстан қуу керек!..» дейді ашынған оқырмандар. Сержанттары мемлекеттік тілді сезбейді екен, генералдары (Т.С.Маткенов) қазақша түсінетін шығар деп үміттенгеміз…. Бірақ, білетіндердің айтуынша, Т.С.Маткеновтың өзі де мемлекеттік тілді білмейді дейді!.. Сондықтан болар, ол мемлекеттік тілде жазылған хатты түсінбегесін, шетел тіліне – Ресей тіліне аударып бітпей жатқан болар… Сондықтан шығар, ол қарауындағы өзі сияқты ресейтілдес қызметкерін жазалай алмай, олардан мемлекеттік тілді талап ете алмай отырғаны…
Мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлегенің үшін айыптайтын парадоксты ел әлемде Қазақстаннан басқа еш жерде жоқ…
АТАЗАҢДЫ аяққа таптап, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЗА ТІЛГЕ айналдырғандар ҚЫЗМЕТТЕН КЕТУІ ТИІС!
Ал, біздің білуімізше, Қазақстан Республикасы ІІМ-нен келетін тілдерді дамыту бойынша нұсқаулықтарда «кезекші бөлім жəне кез келген бөлімше қызметкерлері телефон арқылы мемлекеттік тілде жауап берулері тиісті» деп жазылған. «Заң бұзушылықтарға бірінші басшы жауапты» деп көрсетілген. Кез келген ұйымдастырылған іс шаралар мемлекеттік тілде жүргізілсін деп айқын жазылған. Сонда Т.С. Маткенов бастаған қостанайлық полицейлер үшін Ішкі Істер министрі Қ.Қасымовтан келетін нұсқаулықтардың көк тиындық құны жоқ па?
“ХАТТАМАНЫ ҚАЗАҚША ТОЛТЫРАМЫН” деген Ақтолқын Жәнібековаға : “ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА ОРЫСША ҮЙРЕНІП АЛМАЙСЫҢ БА?” – дегенді ТУҒАЛЫ БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРСА ДА, ӨЗІ “ҚАЗАҚ” БОЛСА ДА, ҚАЗАҚША ҚАҚПАЙТЫН сержант ДОСМАИЛОВ қалай беті бүлк етпей айтады дейсің, қаның қарайып… «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ жаза
Бейсенбайтегіден бастап, көптеген азаматтар Қостанай полициясына телефон жаудырды. Ол мемлекеттік мекемеден мемлекеттік тілде бір де бір сөз ести алмаған оқырмандар ызасында шек жоқ. Тіпті, бір майор Махмудов деген сауатсыз полицей Руза Бейсенбайтегі телефон шалып осы мәселенің мән-жайын сұрағанда, орысша «А кто отменил русский язык?!» өзіне қарсы дүрсе қоя беріпті… Масқара, олар орыс тілін мемлекеттік тіл деп ойлап, (бәлкім, Қазақстанның 25 жылдан бері Тәуелсіз ел екенін де білмейтін болуы керек) әлі солай өмір сүреді екен!.. Әлі де солай ойлап жүрген 90 пайыз мемлекеттік қызметкерлер үшін ресми ақпарат бере кетейік. Кезінде М.Шаханов бастаған бір топ Мәжіліс депутаттарының сауалына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысын шығарып: ” Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді”- деп, ресми жауап берген.
20 шілдедегі сотқа Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінен ешкім келмеген. Енді сот 30 шілдеге, сағат 11-00-ге қалдырылды. Ақтолқынмен сөйлескенімізде Мемлекеттік тілге қарсы күресуші мемлекеттік қызметкер, сержант Д.С. Досмаилов “Айтқандарымды ешқандай мойындамаймын, сен жеңілесің”-деп жатыр екен…
Мемлекеттік қызметтегі Мемлекеттік тілді білмейтіндер Конституцияны бұзады. Ендеше, 1.Заңды білмейтін, 2.Заңды бұзатын, 3.Заңға қарсы жұмыс істеп, ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЗА ТІЛГЕ АЙНАЛДЫРҒАН Қостанай облыстық полициясы сержанты Досмаилов Дәулет жауапқа тартылып, бастығы, өзі де мемлекеттік тілді білмейтін генерал-майор Т.С. Маткенов отставкаға кетуі керек!
Қостанайлық намысты ер азаматтар, барсыңдар ма?!. Қазақтың бір қызын мемлекеттік тілін қорғап, Атазаңды талап еткені үшін жазықсыз жалғыз шырылдатып қоймай, сотқа қатысып, әділдіктің орнауына қолдау білдіріңіздер!
Қазыбек ИСА
«Қазақ үні» газеті,
Qazaquni.kz