АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақ үйдi қорламасын

jashik_fotoШынжаңның (ҚХР) Майтау деген қаласының көшелерiне жаңадан ойлап табылған қоқыс жәшiктерi орналастырылыпты. Бұл жәшiктiң пiшiнi қандай деп ойлайсыз? Ол – қазақтың киiз үйiнiң үлгiсiндегi жәшiк. Тiптi, төбесiндегi қақпағы да киiз үйдiң шаңырағының бейнесi. Сыртын ұлттық ою-өрнегiмiзбен көмкерiптi.

Осы күнге дейiн қазақтың киiз үйi барша әлемге танылды. Бiрақ дәл бұлай киiз үйiмiздi ешкiм масқаралаған емес. Тұрғындарының тең жартысы ұйғырлар мен қытайлар болып келетiн майтаулықтардың қазақтың киiз үйiн осылай масқаралаудағы мақсаты не? Киiз үйдiң қандай болатынын олар бiлмейдi емес, бiледi. Ал осыны бiле тұра мұндай жосықсыздыққа неге барады?
Әр ұлттың құндылықтарын құрметтей бiлуiмiз керек. Өзiмдiкi емес екен деп ойына келгендi iстеу – оспадарлық. Киелi киiз үйiмiздi осылай қоқыс жәшiгiне айналдырып қойғандарға, Қазақстандағы ұлттық құндылықтардың сақталуына және оның құрметтелуiне жауап беретiн шендiлер не айтады?
Шара ҚҰРБАНОВА,
Майтау қаласы.
http://www.zhasalash.kz/