АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ хандығының тарихына қатысты жаңа жәдігерлер көрмеге қойылады

©remarka.kzАстанадағы Тұңғыш Президент мұражайында Қазақ хандығының тарихына қатысты бірегей жәдігерлер қойылады. Арнайы көрме ертең, ақпанның 25-сі күні ашылады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар елімізге белгілі суретшілер, зергерлер мен мүсіншілердің көмегімен Қазақ хандығының көркем панорамасын жасап қойды. Экпозицияның басты нышандары — Абылай ханның қылышы, Бөлек батырдың дұлығасы, қазақ хандарының жүзік-мөрлері, алтын жіппен кестелеп тігілген панно және тағысын тағы. «Экспонаттардың басым бөлігі алғаш рет таныстырылмақ. Оның ішінде Қытайдың Цинь әулеті кезіндегі бірегей панно бар. Онда сан алуан мемлекеттерден келген елшілердің сый-сияпатпен өзара алмасулары суреттелген. Олардың ішінде Қазақ хандығының өкілдері де бар», — делінген ресми хабарламада.

Мұражайдың ақпаратына сәйкес, бейнелеу өнерінің бірегей туындылары Қытай Халық Республикасының мұрағаттарынан табылды. Оның барлығы бұрынғы елші Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен іске асты.

«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбындағы көрме қыркүйектің 28-іне дейін жалғасады.

Автор: Арман АСҚАР

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/kazak-handyigyinyin-tarihyina-katyistyi-jana-jadgerler-kormege-koyyiladyi-64126/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі