АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстан 50 көшбасшы елдер қатарына кірді

досаевҮш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы елдер қатарына кірді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Үкімет отырысында факторлары бойынша Қазақстанды халықаралық салыстыру және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру бойынша қабылданатын шаралар мен ұсыныстарды қамтитын 2013 жылғы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі туралы баяндаманың жобасы қаралды. Бәсекеге қабілеттіліктің жүйелі мониторингі бес фактор бойынша алты әлемдік рейтингтердің және ұлттық бәсекеге қабілеттілік индикаторлары мониторингінің қорытындылары бойынша Қазақстан біртіндеп өз ұстаным жақсартып келеді», – деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2013 жылдың қыркүйегінде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан өзінің позициясын 1 тармаққа жоғарылата отырып, 148 елдің ішінен 50-орынды иеленді. 2013 жылдың қазан айында жарияланған Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісі бойынша Қазақстан 3 тармаққа позициясын жақсартып,189 елдің ішінен 50-орынға көтерілді. 2013 жылғы мамырда жарияланған Халықаралық даму менеджменті институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан өзінің позициясын 2 орынға төмендетіп, 60 елдің ішінен 34-ші орынды иеленді.

«Осылайша, үш халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан 50 көшбасшы елдер қатарына кірді. Екі рейтинг бойынша 70-тің ішінде (67 және 69-орын) және бір рейтинг бойынша 140-орында», – деді Е.Досаев.

 

inform.kz

 

Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстанға салқыны тиеді

келимбетов

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі Ресейге қатысты санкциялар режімінің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Алаңдататын мәселе біздің ірі сауда серіктесіміз Ресейге қатысты санкциялар режімінің күшеюі мүмкіндігіне байланысты. Қазақстанға импорттың 36 пайызын ресейлік өнім құрайтынын, ал қазақстандық экспорттың 7 пайызы Ресей нарығына бағытталғанын өздеріңіз білесіздер», – деді Қ.Келімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейден капиталдың едәуір жылыстауынан биылғы жылы бұл елде нөлдік экономикалық өсім болжануда.

«Біз үшін бұл жақсы жаңалық емес. Себебі біздің экономикалар өзара тығыз байланысқан», – деп тоқталған Қ.Келімбетов осы орайда бүгінде елімізде экономикалық өсім мен инфляция тұрғысындағы мәселелерге ерекше мән беріліп отырғандығын атап өтті.

 

inform.kz